Тілім менің-ар-намысым,тірегім

Тілім менің-ар-намысым,тірегім
жеке
блог

Тіл-тіршілік тірегі,

Тіл-халықтың жүрегі

Тілімізден айырылсақ

Болмыс-бітім жоғалып,

Ар-ождансыз халық боп

Кетерімізді барлық адам біледі.

 

Біле тұра қол сілтейді бір үзік

Ата-баба тарихынан біржолата қол үзіп.

"Шала" қазақ, "мәңгүрт" қазақ атанады ақыры

Осы ма айтшы бұл заманның батыл сынды батыры.

 

Ана тілі ана сүтпен,дала желмен ескенде

Тұра алмайды тебіренбей жүрексізде еш кеуде.

Тіл әрқашан бақыт болсын,байлық болсын жас қазақ

Тіл болмаса мойындамас халықсың деп ешкімде.

 

Тіл-құнарлы, тіл-айшықты, тіл-жазира, кең далам,

Тәуелсіздік таңын аңсап сарыла күткен ұлы бабам

Тәуелсіздік  туы орнап бақытқа қол жеткенде.

Тілін сыйлап,анасындай құрметтесін бар адам!