Тілім менің-ар намысым,тірегім!

Күз келгенде жер көктігін  жұтады,

Ағаштардың босаңсиды бұтағы.

Кең жайылған жапырақтай,әр-бір ұлт

Өз тілдерін кеңге жайса ұтады.

 

Тасқан арна қайтара алмас қарымын,

Аққан өзен соза берер арығын.

Сол өзендей кең тарылып,біздің ұлт,

Қазақ тілі-қанат жайсын жарығым!

 

Өркен жайсын ей қазағым талабың,

Туған тілін құрметтей біл ананың.

Кеудесіне ұяласын,жарқын тіл

Қазақ тілі-бесіктегі баланың.

 

Сүрсін ғұмыр тілін қорғап жас ұрпақ,

Ерлік үшін кім намысын жасырмақ?

Тілдік тарих қалсын мәңгі санада,

Күндеп,айлап,жылдап тіпті ғасырлап!

 

Намыс үшін болып жатыр дүрбелең,

Ерлік жасап жатыр бірі үрмелеп.

Жанын,тәнін,арын қорғау бір басқа,

Тілдік намыс үшін күрес бір бөлек.

 

Тілім қызыл,жүрегім де,қаным да,

Тілім үшін-қарсы жүзем ағынға.

Тілім үшін-асқарлардан асамын,

Тілім үшін-жетем биік сағымға.

 

Тілді жырлап-ойды көкке өрлетем,

Тілді сүйіп-жүрек нұрын төрбетем.

Тілді айтып-еш еріксіз мақтанам,

Келер күнде тілді қорғап ер жетем!

 



Бөлісу: