Тілім болмаса жер басып жүргенімнен не пайда ...
блог
Тілім менің – туым менің
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менің менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін
– деп жырлап кеткен ақын ағаларымыз қазақ халқының, еңселі мемлекеттің тұғыры биік, асқан асуы мол, асқақ арманды елдің тілі жайында аз жырланады. Тіл үшін қуанды да, жыланды да. Көк байрағы желбіреген қазақ елінің тілі бабадан қалған асыл мұра. Бұл қазына мұхит түбінен, жалын ішінен, төрт шеті түгел мына әлемнен табылмайтын асыл тас. Тіл әр мемлекеттің айнасы. Тілдің кешегісі, бүгіні ж. е. ертеңі- тарих. Кешегісі- біздің жүріп өткен жолымыз, бүгіні- жүріп келе жатқан соқпағымыз, ертеңгісі- баратын бағытымыз. Ал бүгінгі және болашақ ұрпағымыздың тіл төңірегіндегі тарихты біліп отыру үшін оның айтылуы тиіс, жазылуы керек. Сонау Шыңғыс жанның заманынан бері, сақ, ғұн тайпаларының ұрпағы болып келген, Қабанбай, Наурызбай батырлардың қазақ елінің негізін салушы Жәнібек пен Керей ханның тұсынан келе жатқан ХІХ ғасырдың күшті, қуатты соққысын жеген «қазақ» елінің ұлттық еншісі – қазақ тілі.
Тіл үнемі дамылда болады. Тілдік даму бүгінгі немесе ертеңгі күннің еншісінде ғана емес, ол- мәнгілік құбылыс. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең- қуаттысы -тіл сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...» -деп өзекті оқиғаны қозғаған Ахмет Байтұрсынұлы тіл туралы бекер айтпаған-ды. Қазақ тілі қандай еді? Бұл сұрақ мені де өзгені де толғандырары анық. Тіліміз ақын, шешен, қаздай қаңқылдаған дауысты, бұлбұлдай сайраған, мөлдір судай таза, көктемде мұзды жарып аққан бұлақтай жылдам әрі теңізде желмен қоса ұшқан толқындай еді. Сол тіліміз қазір қандай? Кірленіп барады, батпаққа батуда. Тіліміз мұңайды, өткір тіліміз былғанып, өткірлігінен айрылып барады. Көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар айтуда... айтуда. Бірақ айтылған сөз құлаққа ілінбесе жетім екені айқын шыңдық. Бұл ащы шындықтың уы мол. Бірақ ешқашан, ешқашанда ешкім ащы, улы шындықтан құтылып кете алмайды. Өйткені бұл өмір. Өмір ешқашан өтіріктен құралған емес. Өмірдің өзі де, өмір жолы да өткір шыңдық.
Тіл үшін жанын қиған азаматтар халық есінде мәнгі қалады. Мемлекеттік тіл жасасың деп қолына көк жалауын желбіретіп, ұйқыда жатқан қазақ елін ояту үшін жандарын пида етіп тіл үшін талай жастарымыз, ақын ағаларымыз кеңес үкіметінің жазалауына ұшырады. 1916 жылғы ұлт –азаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің жазалаушы отрядтарының халқымыздың денесіне салған жарасы әлі жазылып болмаған әрі ұлт- азаттық көтеріліс пен соңғы екі ашаршылықта шет елге тозып кеткен ағайындардың мұңы тіліміздің еңсесін төмендетті.
«... Біз халқымыздың тіл қазынасының төрт бұрышын түгендендіруіміз керек, жазушылардың міндеті – сол тұнып жатқан тұнықты қайта көтеру, ұмыттырмау.
... Халық жасаған жерде тіл де жасайды, қазақ тілінің юолашағы өте зор. Біздің тіліміз байи бермек.... іргелене бермек.» - деп Мұхтар Мағауин ұрпаққа сенім білдірді. Бұл сенімді ақтай білу біздің және болашақтың қолында.
«... Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Белгісі боп бабам тілі сен қалдың». Мағжан Жұмабаев тілімізді аманат етті. Өткенге көз жүгірттік. Тарихымыздың соқпақты әрі қиыншылықты екенін айқындадық. Ал бүгінгі тіл мәртебесі қандай? Тіл дәрежесі қандай?
Қай ұлт болсын оның ұлттық келбетін, менталитін танытар үш қазық - тілі, дәстүрлі, діні. Бұл үш қазық, үш қазына бір қазанда қайнайды. Соның ішінде тіл көкейді кесетін де, тесетін де мәселе. Кенедей жабысқан бұл проблема қазақ халқын қансыратып болды. Улы жылан шаққандай жылан шашқан у демімізді қысып барады. Және сол умен күресуіміз тоқтамайды. Егенендік алдық, тәуелсіз дербес мемлекет болдық, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып жарияланады.Бұл бүгінгіміздің кейіпі. Тіліміз қазақ тілі болғанымен, тілді меңгеру жағы қиынға соққан тәрізді. Еліміздің айнасы болып тұрған тілді аямай білген жөн. Болашаққа сенім артып, алдағы атар таңымыз сәулелі болатынына сенгеніміз дұрыс болар. Нағыз қазақи, шын бетпердемізді ашып, шындыққа дұрыс көзбен қарап, ешкімге дес бермейтін кең байтақ жеріміздің, рухани, патриотты сезімге толтырып, халқымыздың, алдағы боз етіп атар таңымыз үшін, дінімізді, тілімізді ажал аузына тастамай, ата-баба рухына сеніп, өткеніміздің тарихын ескере отырып, керегесі биік елдің намысын таптамай, батырларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен алып қалған осындай жеріміздегі қара қылышты қақ жаратын ұлттық тілімізді жоғалтпай, рухани құндылығымызды сақтай отыра, көкірегімізде тілімізге деген патриотты сезімді жандырып, туған тіліміз қазақ тілін санамызға сіңіріп, мемлекеттік тіл қазақ тіл екенін ұмытпайық! Және сол сезіммен дем алайық.