Тілім-байлығым
блог
Тұған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе,мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе,менде бірге өшемін.
Тіл - табиғаттың адамға берген баға жетпес байлығы.Адамның өмірін тілсіз елестету мүмкін емес.Тіл-ол мәдениет,ол-әдебиет.Жер жүзінде қанша ұлт болса,сонша тіл бар.Тіл тағдыры,тіл мәртебесі болса,ұлттыңда тағдыры сондай.Халықтың тілі арқылы оның қандай ұлт екенін,мәдениетін,өнерін тануға болады.Себебі,тіл-қоғамның басты байлығы.Ұлтының айнасына айналған тілінің күн нұрындай жарқыраған сәулесіне көлеңке түсірмеу-жүрегі елім,жерім деп соққан әр отансүйгіш азаматтың қасиетті борышы.Әр бір қазақ өз тілінде сөйлеп,өз тілінің тұғырын биік ұстаса ғана мықты елге айналар едік.
Осы бір жақында интернет желісінен бір француз қазақ жеріне келіп,цонға кіріп керекті ақпарат сұрайын деп келіпті.Қабылдаушы адам орыс тілінде күмбірлесе,француз қазақ тілінде сұрақ қойыпты,қабылдаушы да беті бүлк етпей орыс тілінде сөйлей беріпті.Сондағы келесі кезекте тұрған жас жігіт шығып жатқан жерінен артына барып-"түріңізге қарасам қазақ емес сияқтысыз?,
-иә мен франциялықпын,
-неге онда қазақ тілінде сөйлеп тұрсыз?
-Мен ендігі өмірімді осында отбасыммен,өзімнің сүйікті жұмысымды жасап тұрғым келеді.Ал Қазақстанда өмір сүріп жатқан қазақ тілін білуі міндетті дер ойлаймын -деп тіл қатты.Жас жігітте іштей ұялып,қабылдаушы апке үшін кешірім сұраймын деп кете барыпты.
Расында да өкінішті әрі аянышты xалде екен тіліміз.