ТІЛЕК
жеке
блог
блог
ТІЛЕК
Бір тамшы жас-жылау үшін жетеді,
Бір ауыз сөз- шыдау үшін жетеді.
Уәде беріп енді ешқашан батпауға,
Сосын Күн де серттен тайып кетеді.
Жақұт іздеп әр жарықтан жалт еткен,
Бүтін едім..
бір ауыз сөз жарты еткен.
Ал Жұлдыздар неге менен безінді,
Түнде ғана сөнбейміз деп ант еткен(?)
Бір ауыз сөз-жылатуға жарамды,
Бір ауыз сөз-жұбатуға жарамды.
Сен жұбаттың өзің жылап тұрсаң да
Сен жұбаттың емдеймін деп жараңды.
Сен жұбаттың,
жыламағам бірақ та,
(Жалғыздығым болмаған соң жырақта)
Бір-ақ ауыз уәделерге сенетін,
Бұл-аңғал қыз ұнат мейлі ұнатпа...
Сен енді оның Жалғыздығын жұбатпа!
(Жұбатпа!)