Тіл туралы толғаныс...

Тіл туралы толғаныс...
жеке
блог

Біссіміллә!

Бүгін не туралы жырлаймыз, не хақында сөйлейміз?!

"Біссіміллә" деп ойға өрілгенін, көңілге келгенін жаза берейін. Желіде желігіп, ғаламторда ерігіп отырғанда "Массагетке" бас сұқтым. Бүгін жазылған жазбаларды зер салып қарай бастадым, жарытып жазған ешкім жоқ екен. Тек Әлемгүл Сәтпекова атты өзімнен тура 11 ай кіші қарындасымның жазбасына көзім түсті. Асықпай, аптықпай оқыдым, ойландым,ой түйдім. Тақырыбы тамаша-ақ, жазбасы да жақсы. Ойы, тіліне тиек еткені - Тәңір айтқан тіл...Иә,дәл өзі... Баяғы біз бен сіздің ҚАЗАҚ тілі...

Қайда барсаңыз, қайда жүрсеңіз "тілім,тілім" дейміз. Құрметті Алаш ұлдары, қымбатты Қазақ қыздары осы біз ауызбен "орақ орғанша" неге қолмен "ормаймыз" яки ісімізбен дәлелдеп нәтиже шығармаймыз?! Мысалы күніне бір сағат болса да тілмен қарым-қатынас жасаймыз, ал сол сөйлесіп жатқанда бір орысша немесе бір "окей" қоспай сөйлесе аламыз ба?! Амал не, сөйлесе алмай орыс тілімен өз тілімізді орап орға жығамыз.

Айтыңызшы дүкенге барғанда "бағасы қанша тұрады, сүт барма,мерзімі өтіп кетпеген бе, қалған ақшамды ұмыттыңыз" деп айтасыз ба?!(Ай білмеймін-ау...)

Бір өзге ұлт келсе өзіміз сияқты он ҚАЗАҚ (Қазақ десе өзіме тиеді...)сол тілде барып шүлдірлей(міз)ді. Ай,айналайын-ау, сен қазақсын ғой, сенің ана тілің ҚАЗАҚ тілі ғой, жоқ олардың ойынша ОРЫСша орғыту "для панты(дұрыс па, дұрыс емес па білмеймін әйтеуір осылай естідім)".

Өздерінше дамығандықтың белгісі екен, жоқ олай емес өз жеріңде жүріп, өзіңнің жұпар ауаңды жұтып, өзіңнің қара наныңды жеп жүріп өзге тілде "өлімсіреу" бұл батырлық емес, бұл даналық емес, бұл санадағы құлдық яғни "для панты(көшіріп қоя салдым)" тілінде айтқанда өзгеге "подчиненность яки рабство (бұлда көшірілген)".

Әрине бұның бәріне уақыт керек. Бірақ "бәрі уақыттың еншісінде" деп жатып алмай, қазірден бастаңыз. Айға қолымызды созбай, бірінші әркім өзінен бастасын. Сөзі түзелсе өзі өзгереді, сізді көрген жамағаттың "көзі",ойы,жады һәм жаны түзеледі. Сондықтан өзімізден бастайық жас дос!!! Ал кеттік!

ПыСы: Біздің ой осы. Міне менің тіл туралы толғанысым.  Міне "үні" жоқ үндеу. Үндеуге үн қоспай нәтиже шығарыңыз құрметті бауырлар!!! Алдын-ала рахмет!!! Алланың нұры жаусын!!!