Тілім менің жүрегімді тулатқан,
Өзің жайлы жатыр менде сыр батпан.
Тіл қазақтың қазынасы емес пе?!
Әр сөзінің астарында зіл жатқан.
Тіл мәртебе алса екен деп қазағым
Көрген тілдің талай ауыр азабын.
Тілді қорғап қазақтың зиялысы
Соларды айтып бүгінде жыр жазамын.
Бабамның тіл мәнері болған маржан
Сонда қазір болды ма құны арзан.
Бабалардың мұрасы қазақ тілі
Кей жерлерде болып жүр мазақ үні.
Қазақ тілін әрқашан мақтан етем,
Келешек ұрпақтары сақтар ма екен?!
Қазақ тілін әр уақыт биік ұстап
Өлгенше қасиетіңді жақтар ма екен?
Жетелеген,жетілдірген алыпты,
Қазағымның бұл әдеті қалыпты.
Тіл білімін өрлетіп,өркендетсек
Болар оның атағы да даңқты.
Бір елің бар,аспанда бір күнің бар,
Қазақ дейтін тұп-тұнық бір тілің бар.
Атамұра боп қалған дара тілді
Биікке көтеруге ұмтылыңдар.