Тіл мерейі немесе халыққа үндеу

Тіл мерейі өспесе, ұлт беделі өспейді,

Ана тілдің көркейгенін бүкіл ел де көксейді.

Шұбарламай тілімізді, мәртебесін көтерсек

Ұлтымыздың беделі ешқашан да өшпейді..!

 

Тілің - сенің анаңдай, ана сүтін ақтайық,

Тілің- сенің байлығың, оны ешкімге сатпайық,

Бабалардың мұрасы- бізге қалған аманат

Тілімізді ардақтап, мәңгілікке сақтайық!



Бөлісу: