Тіл мен мәдениет ұлтымыздың бет бейнесі
блог
Адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі болып табылатын қымбат дүниесі – оның тілі. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тіл – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы. Тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Тәуелсіз ел болып, егемендік алғаннан бері мемлекеттік тіл мәселесі еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі болып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы басты мақсат, ол – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру, мемлекетімізді барлық сала бойынша белсенді жұмыс жасап, дамыту, оның қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс және тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Жолдауда мемлекеттік тілге байланысты: "Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан тілге ешқашан бей-жай қарамайық. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Демек, тіл мен мәдениет – ұлтымыздың бет бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты екендігін естен шығармайық, достар.Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналуы керек. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы жетіп келуі мүмкін» деген пікірлері де дәлел бола алады. Ұлт – тарихтың жемісі. Оның пайда болуы, қалыптасуы тарихи қажеттіліктен туған, экономикалық тұтастық, территория ортақтығы, тіл, мәдениет бірлігі, психология ұқсастығы ұлттың қалыптасуының алғышартын құрайды. «Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», деп көздің жасын төге бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс. Заң тұрғысынан БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын шаралар қарастыру өте орынды болар еді Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат – ана тілінің мәні, тарихы мен бүгіні, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, адамдардын сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру. Біз қазақпыз, өз тіліміз бен мәдениетімізді аялайық, құрметтейік, келешек ұрпаққа бағалы етіп жеткізейік!