Тіл мәселесі - тұтас ұлттың басты проблемасы.

Тіл мәселесі - тұтас ұлттың басты проблемасы.
жеке
блог

Қазіргі таңда Қазақстан талай жетістіктерге жетіп, біраз елге өз атын таныстырып үлгерді. Құдайға шүкір еліміз аман, жұртымыз тыныш, көңіліміз жай, ұйқымыз алаңсыз. Бірақ бұл дегеніміз мүлдеем проблемалар жоқ деген сөз емес. Біздің мемлекеттің басында да өзгелердікіндей айтып ауыз толтырарлықтай мәселелер толып жатыр, мейлі олар экономика, экология, мәдениет, саясат жағынан болсын және олар   тек Президенттің не болмаса тек жоғарғы жақтағы шенеуніктердің ғана емес барша қазақстандықтардың ортақ проблемалары. Тек бір адам алға тартып қалған 17млн xалық артқа тартса бұлардың жақын арада өз шешімін тауып қатарлары сиреуі мүмкін емес, сондықтан қандай  мәселе болмасын оның жауабын табуды өзгелерден емес өзімізден бастайықшы. Ал менің қазіргі жазар постмның басты тақырыбы - тіл мәселесі. Бұл жөнінде мен шынымен де өте жиі ойланамын, өйткені мен бұл проблемамен күніге кезігемін, бір емес бірнеше рет. Оған себеп менің Өскеменде тұрып жатқаным шығар, себебі көбініз білетіндей Өскемен өзге қалаларға қарағанда көбірек орыстанып кеткен. Егер, шетелден бір азамат қай елге келгенін білмей біздің қалаға тап болса ол өзін Ресейдемін деп ойлар еді, өйткені xалықтың жартысына таяуы орыстар екені былай тұрсын қазақтарға дейін жат тілде сөйлейді. Бір жерге 10адам шоғырланып оның біреуі орыс қалғандары қазақтар болатын болса біз бәріміз орысша сөйлеп кететін жайымыз бар. Тіпті біздің оқу орында  мәдени шаралардың амандасуы ғана қазақша басталады да ары қарай аудиторияның 90%-ы қазақтар екеніне қарамастан орысша жалғасып кетеді. Ол қазақтардың орысша түсінетіндері де, түсінбейтіндері де бар екенің ескерсек 2сағат бізге лекцияларын оқитын мұғалімдердің докладтары далаға кеткен болып тұр. 

Неге бізде тіл проблемасы тек теледидарларда, газет-журналдарда не болмаса жылына бір рет әрең ұйымдастырылатын шараларда ғана қозғалады да сол жерде қалып қояды? Тілге қатысты ешкім бас тарта алмайтындай стратегиялар бар ма, әлде бәрі Руxани жаңғырумен шектеліп қалған ба? Президентіміз Парламенттегілерге баяндамаларын қазақша оқуға міңдеттеп орысшаға судай сіңіп қалған ағаларымызды бір сілкіп алғанымен  бір реттік осындай шаралардың пайдасы қаншалықты? Мен де қазір терлеп-тепшіп осы мәселені қозғап отырғаныммен бұл жазғанымның не оқылары, не оқылмасы, оқылса да оқығандарға шыбын шаққан құрлы болмай қалмасы белгісіз. "Ел боламын десен бесігінді түзе" демекші қазақ тілін үйретуді үйдегі қабырғасы әлі қатып үлгермеген  балаларымыздан, іні-қарындастарымыздан бастағанымыз жөн-ау, ал қалғандары өздері түгілі кіп-кішкентай бүлдіршіндердің ана тілдерінде сайрап тұрғандарын көріп ұялғандарынан өздері-ақ қазақ тілін оқуға қадам басар. Өз туған жерінде тұрып өзге ұлттың тіліне тәуелділер біздей-ақ болар. Егер алдымда сары шаштылар  мен көк көзділер орысша тілдесіп тұрса "қойш" дер едім, алайда өзіміздің қара домалақ қазақтар бір бірлерімен жаттың тілінде сөйлесіп тұрса оған менің намысым жібермейді. Бұл дегенің өз үйін бола тұра көршінің үйіне қона салғанмен тең ғой қарап тұрсаңыз. Тіпті өзге xалықтардың біздің осы әрекеттерімізге күліп, мазақ қылатындарын да бірнеше рет көзім көрді. Тегі біздің xалықтың бойында байырғы батырларымыздың  намыстылық, қайсар да қайраттылық, "малым жанымның, жаным арымның садағасы" деп тұратын ізгі қасиеттерінің жұрнағы да қалмаған сияқты. Қазірде бәсекеге қабілетті болу үшін әрине орыс және ағылшын тілдерін жетік менгергеніміз жөн. Соған орай елімізде языковая школалардың түр-түрі бар, алайда  өзге тілдің бәрін білгеніміз не керек, егер өз тілімізді құрметтей алмасақ?