Тәуелсіздік туын желбіреткелі, өз елтаңба, өз көк туымыз бен заңда белгіленген мемлекеттік тіліміз бар. Ал, осы 30 жыл уақытта ұлт тағдыры мен ұлт болашағының негізгі іргетасы бұл тіл мәртебесі.
Бүгінгі таңда қанша ауыр тисе де қазақ тілінің мәртебесі тым төмен бе?- деген ой қазіргі қоғамның ащы келбетіне қарап тұрып еріксіз еске түседі. Шетел азаматына қазақша жаз, сөйле демек түгілі өз қандас қазақ бауырымызға таза қазақша сөйле дей алмаймыз. Бұл тілге деген құрметсіздік пе,әлде, сүйекке түскен қара дақтың бояуының әлі кетпегені ме?Жылдар жылжыр, уақыт өтер бұл дерттің болашақта асқынып ұлтыңды, діліңді жойып жібермесіне кім кепіл?
Осыдан тура бір ғасыр бұрын интеллегенцияңды қырғынға ұшыратқанда Қазақ атты ұлтыңды, қырғыздар (киргизы) деп мойындамай белгілі бір жерлерде қазақ тілінде сөз қозғағанда орысша сөйле деп жекіп еді. Ал қазір ше? Басымызға не күн туды? Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себепкер тіл. Тілі жойылған ұлттың өзі де жойылады деп қазақ тілінде талай еңбек жасап, тіл болашағы үшін майшамның сәулесімен болсын жарық түсіре алған Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне сыйластық қайда?
Қазіргі заман бәсекешіл, тілді игермесең, білмесең көп маңызды жерге қажетін де шамалы, қолыңнан келсе оқы, үйрен ізден бірақ өз тіліңе деген құрметің жойылмасын. Қашанғы өз елімізде 2-сұрыпты ұлт боламыз? Қазіргі Мәдениет жәнеСпорт министрі Дәурен Абаев «Қазақша сөйле деу үңгірдегі ұлтшылдық, қараңғылық» деп белгілі бір сұхбатында аңдамай сөйлеп, үлкен дауға қалған болатын.
Басты талап әркім өз ана тілінде сөйлесін. Кейбір адамдар қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде ойды жеткізу, қорыту оңай деп санайды. Ал әлемдік бай тілдердің бірі қазақ тілінде бір сөзбен-ақ жаудың да, даудың да басын қайыра білген тіл құдіретін қалайша басты назарға алмайды?
Мен жалпы көп адаммен жұмыс жасайтын ерлер шаштаразына келген келушілердің көбі ұлты қазақ екені айқын бола тұра, орыс тілінде байланысатынын байқағанда, еріксіз ел болашағы , келер заман келбеті ері тебрентпей қоймады.
Жоғары жақтан тіл әлеуетін арттыратын талай заң жобалар мақұлданып, іске асып жатыр, бірақ, тыңдар құлақ пен түсінетін ой болса , қазақ тілінің мәртебесі артып, қаралатын мәселе қатарында болмас та еді.
Джандауов Нурдаулет
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің 2 курс студенті