Тіл мен ойдың байланысы туралы мәселе ғасырлар бойы талқыға түсіп келе жатыр. Тіл мен ой өз алдарына жеке түсініктер болса да бір бірінсіз өмір сүре алматын түсініктер екендігі жөнінде де көптеген теориялар бар. Біз бір бірімізбен сөйлесенде тілді қолданамыз және бұл адам мүмкіндіктерінің ең кереметтерінің бірегейі. Тіл арқылы ақпарат алмасамыз.
Дәл қазір мен жазған сөздер мен сөйлемдердің байланыс оқу арқылы ақапарат алудасыз және сол ақпарат сіздің санаңызға жол тартады. Санаңызда ой қалыптастырады. Мен дәл қазір сіздің санаңызда жаңа ой қалыптастыра аламын. Елестетіп көріңізші : « Көкшіл түсті балық кітапханада домбыра тартып отыр және сол сәтте квантты механика жөнінде ойлауда». Осы сәтке дейін сіздің санаңызға осындай келеңсіз ой келіп кетпеген болуы керек. Бірақ тілдің көмегімен қаншалықты ойға келмейтін ойды да санаға жеткізе алдық. Әлемде 7000ға жуық тіл бар және олар дыбысталуына, сөздік қорына, құрылымына қарай және тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты бір бірінен өзгешеленеді.
Беларустық «тіл және сана» саласын зерттеуші психолингвис ғалым Лера Бородицкая бірнеше зерттеулер жүргізген. Ол австралиялық аборигендер тайпасын зерттеген және зерттеу барысында бірнеше қызықты деректерге кезіккен. Ең қызығы бұл Куук-таайорре тайпасының тілінде «оң» және «сол» деген түсініктер жоқ екен және олардың орнына тараптар атауларын қолданады екен. Тараптардың атаулары қарапйым өмірде кез-келген жағдайда қолданад. «Үстелдің үстінде кітаптың оң жағында қалам жатыр» деген ойды олар « Үстелдің үстінде кітаптың оңтүстік-шығысында қалам жатыр» деп жеткізеді. Дәл қазір көзіңізді жұмып саусағыңызбен солтүстік-батысты нұсқаңызшы деп өтінсем көп адамның компассыз анықтауы мүмкін емес дерлік, ал куук-тайоррелік бес жасар бала бұл әрекетті ойланбастан іске асырады. Біз бәлкім, бізге бұл қасиет туа бітті биологиялық тұрғыдан берілмеген деген ойға келуіміз мүмкін, бірақ олай емес. Егер біздің тілімізде, мәдениетімізде солай қалыптасқан болса бізге ол ешқандай қиындық тудырмас еді.
Әрбір тіл сөйлеушісінің когнитивті қабілеттерінде ерекшеліктер болады. Олар әр түрлі ойлайды. Мысалы, бір адамның балалық шағындағы, жасөспірім, ересек және қартайған шағындағы суреттерін алып екінші адамнан оны хронологиялық ретімен орналастыруын өтінсек , қазақ тілінде сөйлеп жазатын адам солдан оңға қарай, ал иврит немесе араб тілінің сөйлеушісі оңнан солға қарай орналастырады. Ал, Куук-тайорре тайпасының өкілі қалай орналастырар еді? Егер ол оңтүстікке қарап отырса уақыт солдан оңға қарай,солтүстікке қарап отырса оңнан солға қарай орналастырады және батыс пен шығыста да дәл осылай өзгереді.
Мен жазған соңғы сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтап бересіз бе? Сіз қазір дереу санай жөнелдіңіз себебі сіз санай аласыз. Сіз бала кезіңізден солай дағдыланғансыз. Бірақ кейбір тілдерде бұл әрекет мүмкін емес , себебі тілінде «санау» түсінігі жоқ, «сан» немесе «бес» деген не екендігінен мүлдем хабары жоқ адамдар бар. Келесі мысал түстерге байланысты.Орыс тілінің сөйлеушісі түсті қанықтығына немесе ашықтығына байланысты бөле алады және арнайы атаулары бар, мысалы «голубой» және «синий» . Ағылшын тілінде көк түсті анықтауға арналған тек бір сөз «blue» қолданылады. Егер біз екі адамды бірге отырғызып бейнелерді жәй ауыстырсақ ағылшын сөйлеушісі түстердің ауысқанын байқамауы да мүмкін, бірақ орыс тілінде сөйлейтін адам бірден байқайды.
Осы мысалдарға шолу жасау арқылы адамзат тілінің қаншалықты ерекше бола алатындығына көзіміз жетеді. Адам санасы шексіз және бір емес әлемдегі 7000-нан астам тілді адам санасы ойлап тапқанын есімізге түсіреміз. Ең бастысы сіздің қай тілде ойлайтыныңыз және қалай ойлайтыныңыз. Тіл сіздің ойды қалыптастырады. «Мен неге осылай ойлаймын және мен басқаша ойлай аламын ба?» деп ойланып көріңіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Амангелді Нұржауған
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/27315/