Тіл жанашыры - Жастар.

Тіл жанашыры - Жастар.
жеке
блог

Ата – бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе  жатқан қазақ елінің ұлттық тілі – қазақ тілі!Ал біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз, салт-санамыз, тәрбиеміз – тілімізде.

         Әрбір қазақ перзенттерінің әдепті, тәрбиелі, саналы болып өсуі, өз тілінде таза әрі көркем сөйлеуді қажет етеді.Сондықтан да әрбір қазақ баласы қазақ балабақшасына барып, қазақ мектептерінде білім нәрімен сусындаса, қазақ тілінің рухани қасиеттерін бойына сіңірері анық.

          Қазіргі кезде әр адамның  өз тілінде еркін сөйлеуге құқығы бар.Біз де өз ана тілімізде сөйлеп, бейбіт күннің, тыныш заманның қадіріне жетуіміз керек деп ойлаймын.Тілін сыйлап, қастерлейтін перзенттері бар елдің болашағы да жарқын болмақ.

          Отырырдан шыққын отты ақын Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай әр адамның өз анасынан басқа туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих – деген төрт анасы болуы тиіс.

          Әр ұлт өз тілімен, дінімен ерекшеленеді.Біз де сол ұлтымыздың тірегі – қазақ тілінің шұбарланбауына бар үлесімізді қосуымыз тиіс.

 

               Жыр бесігін өз тілінде тербетер,

               Тілімізді біз болашақ өрлетер.

                 Қадіріне жете білсек тіліміздің

                 Жас өрендер өз тілінде ер жетер.

      Адамның тәрбиесін, мәдениетін оның өз отанына, тіліне, дініне деген махаббатынан, сый-құрметінен байқауға болады.Кезінде «білектің күшімен, найзаның ұшымен» сақтап қалған қазақ тілін шұбарлау – Отанға деген шынайы мейірімнің жоқтығын айқын көрсетеді.Талай кедергілерге  ұшыраса да, өзінің қолданылуын жоғалтпай келе жатқан қазақ тілін құрметтеу әр азамат пен азаматшаның борышы.Әрине, мемлекеттік тіліміздің қазақ тілі екенін білсек те, оның қазіргі қоғам аясында қолданылуы бізді қатты алаңдатады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп айтқан атам қазақ.Алдымен ұлттық  тілімізді әлі де болса толыққанды қолдана алмай жатқанымызбен қоса, басқа тілде сөйлеу біз үшін мәртебе емес.Қазақ бола тұра шала тілде сөйлеу, ұят!Анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған тілімізді, рухымызды төмендету ең алдымен ата - анамызды сыйламағанмен тең.

        Қазіргі таңда тілдің шалалануы көбіне жастар арасында белең алып келеді.Жастар – мемлекеттің болашақ тірегі, оны одан әрі әлемге танытып мерейін асқақтатушылар.Сонда не үшін тілді бұрмалап, оны қолдануға ұяламыз?Керісінше, осындай байтақ елде дүниеге келіп, қазақ тілінде сөйлеп жатқанымызға қуануымыз керек деп ойлаймын.

        Өз ойымның түйініне келер болсам, туған балаларына «Тілім» деп тебіренер тәрбие бермесе, «Елім» деп еміренер болашақ қайдан тусын демекпін.