тікелей репортаж

Сағат Астана уақытымен 23:00. Фарер аралдары мен Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыны басталды. Ақыры не болады екен? Бүгін Фарер аралдарының мүмкіндігі зор, жеңіске бір табан жақын тәрізді. Себебі, біз Фарер аралдарын өз алаңымызда 2-1 есебімен әрең ұтқан болатынбыз (кішкене ғана 48мың халқы бар Әлемге белгісіз бір арал болатын, біз естімеген), ал сырт алаңда ұта қоюмыз екі талай! Ұлттық құрамаға сенім артуданда қалған сияқтымыз. Өйткені, үкілеген үмітімізді соңғы рет қашан ақтағаны есімізде жоқ. Не десекте ол- Ұлттық құрама, жамандыққа қимаймыз, тек жеңіс күтеміз әліде.

Хош, ойын басталыпта кетті. Есеп әлі 0:0. Ойын басталмай жатып- ақ ұлттық құраманың бас бапкері  көңілімізге қаяу салғандай. Барлық спортшыларымыз Қазақстан Республикасының әнұранын орындап жүрегіне қолын қойып гимнге деген құрметін көрсетсе, бас бапкер Мирослав Беранек гимнді жаттамақ түгүлі жүрегіне қолын қоюға ерінген тәрізді. Дәл осындай ұлтқа құрметі жоқ бапкердің ұлттық құрамаға қайыры тиеді деп айту қисынға келмейді. Қазақ футболының өрге шықпауына бірден бір себепкерде осы жайттар болатын.

Ларс Ольсен Фарер аралдарының бас бапкері өз сөзінде: «Біз топтағы ең әлсіз командамыз, бірақ бізден кейіңгі ең әлсіз команда ол –Қазақстан, бүгін біз алғашқы ұпайымызды иеленбесек, іріктеу ойындарына босқа қатысқан болар едік» деген екен. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Бас бапкердің осы сөзі біздің құрамаға қамшы болып тие ме екен? Әй, қайдам... Фарер аралдары құрамасы ФИФА рейтингінде 182 орында тұрғанын ескеретін болсақ, жерлестерімізде мүмкіндік жоғары. Ал керісінше болса, бас бапкеріміз Қазақстан футболын өрге емес, кері сүйрегенін көреміз.

Ойынның 28 минуты өтіп жатыр, ойын Фарер аралдарының шабуылдарымен өтуде. Біздің журналистеріміздің пікіріне қарғанда біз Фарер аралдарын « тәжірибесі жоқ мемлекет» деп елестетіп отырмыз. Дәл осындай «тәжірибесіз мемлекеттен» ұтылсақ масқара болар едік. 48 мың халқы бар мемлекеттен бір құрама  шықпады деп ренжи қоймас жанкүйерлер, ал 17 миллион халқы бар Қазақстанға мықты бір құрама шықпауы қисынға келмейді.

Иә, футболистеріміздің қарқыны жаман емес, ауылдық жерлердегі интернеттің жылдамдығы тәрізді. Бірінші тайм аяқталуға жақын, бізде бір ғана тілек: қақпамызға теңбіл доптың кірмеуі.

Тілегімізді айтыпта үлгермедік. Ойынның 42 минутында есеп ашылды. Өкініштісі  біз емес.

Әй, қайдам, сенімімізді су сепкендей басып тастады Ұлттық құрама.

1 тайм аяқталды. Есеп 1:0 қарсыластарымыздың пайдасында.

 

Арнайы массагет үшін тікелей репортаж жүргізген мен Төлеген Берікбол.  Бәріміз бірге ойынның нәтижесін күтейік. (Қызықсыз әрі сұрықсыз ойынды көргеннен көрмегеніміз, болғаннан болмағаны жақсы ма деп қаламыз әріднен соң). Жеңіс күтеміз әліде!!!

Р.s; Бұл бірінші таймға дейін жүргізілген репортаж, 2 таймда ойын қалай өрбейтінін көре жатармыз!



Бөлісу: