Титаникті мен де көрдім.
блог
Болашағынан мол үміт күттіретін жас режиссерден, кино саласына байланысты өткізілген ғылыми-конференцияда аділ қазы алқасының бір мүшесі:"Әділхан, сен қандай фильмді сүйіп көресің?" деп сұрақ қойған екен. Сонда ол: "Голливудтық фильмдер кәсіпқой режиссерлер арасында бағаланбаса да, сіздерге күлкілі болып естілсе де, мен "Титаникті" сүйіп көремін. Және қателеспесем 12 рет көрген болармын" деп жауап берді. Оның жауабы әділ-қазы мүшелерімен тыңдармандардың арасында отырған маған да Әділханды данагөй, оқымысты бейнесінен басқа, оның романтикалық қыры ашылған еді.
"Титаникті" алғаш рет интернатта оқып жүргенімде көрдім. Жатақханада тұратын мен үшін демалыс күндерді қызықты етіп өткізудің бір мысалы кино көру еді. Сенбі жексенбі күндері қалада туыстары жоқтар интернатта қалатын едік. Бір апта бойына жиылған кірлерімізді жуып, оларды кептіріп, үтіктейтінін үтіктеп, сосын белгілі бір уақытта кино көретін арнайы демалыс бөлмесіне жиылатын едік. Ол кезде қазіргідей үлкен экранды теледидар жоқ. Және диск емес, үлкен қара кассета. Жоғарғы сыныптағы балалар прокатқа өздерінің талғамдарына сай видео кассеталарды алып келетін. Меллодрама деген жоқ. Өңкей ұрсыс-төбелес, "Мортол комбат", "Брюс Ли", "Терминатор" дей ме? Осы тектес фильмдер көретінбіз. Бірақ бір күні "Титаник" фильмін көретін болдық. Қуанып, шағын "кинозалдан" ыңғайлы орын табудың жайын ойластыра бастадық. Орындықтар ол кезде аз болытн. Бөлмеден көтеріп әкелетін едік. Сөйтіп, "Титаник" те басталды. Әдемі әуен, сұлу кейіпкерлер, тағамдары да өздеріне келісті. Ол кезде кішкентаймыз. Бәлкім махаббат дегеннің не екенін ұғынбасақ та, бірақ Роза мен Джектің арқасында иісін сезіп, шынайы махаббат осындай болады екен ғой деген ойға қалдық. Адамдар қайтыс болғаны жаныма батты. Содан бері көөөп уақыт өтті. Бірақ өз қызыммен бірнеше жылдан кейін дәл осы фильмге баратындығымды ойламаппын да. Оның үстіне 3Д. Қызым 4 жаста болса да, фильмнен біраз әсер алып шықты. Әсіресе оған фильмнің басы қатты ұнады. Қызым есейгеннен соң, осы фильмді тағы бір қайта көретін болса, ерекше әсерде болары сөзсіз.
Анарка Мусттың айтқанымен толықтай келісемін. Бұл фильмнің ішінде махаббат, өшпенділік, әділетсіздік, байлық пен кедейлік, теңсіздік, дін, ақсүйектік сынды барлық тақырыптар қамтылған. Голливудтық фильмдерді жақтырмайтын мен үшін бұл фильм бала кезімдегідей махаббат сезімінің ұшқыны мен өмірлік этолоны болып қала берді.Фильмдегі әрбір деталь мағыналы. Адамдардың өмірлік ұстанымдары. Пәлсапалық пікірталас. Ақсүйектердің киім киісі. Адамның өлімді қалай қарсы алатыны маған қатты әсер етті. Ең бастысы адамның жан дүниесі әр қырынан ашылған. Розаның әлемдік суретшілерден Моне мен Эдгар Деганы, Пикассоны жақсы көріп, мәдениет пен әлемдік философияда өзіндік орын алған психолог Зигмунд Фрейдттің туындыларын оқитындығы филм драматургінің осал еместігін байқатты. Сол арқылы ол Розаның болашағынан зор үміт күттіретін суретші Джектің жан дүниесін түсінетіндігін көрсетті. Бұл фильмді сондықтанда болар мен Голливудттың арзан күлкілі фильмдерінің қатарына қоса алмаймын. Менде Әділхандай бұл фильмді 12 рет болмаса да, Алла бұйыртып,40 жасқа толғанымда бәлкім қайта көруге даяр болармын.
Түйін сөз: Бірақ фильмді көре отыра, суға батып бара жатқандарды көргенімде неліктен адамдар судың бетінде ең болмағанда бір екі сағат аман қалу үшін ағаштан жасалған есіктерді жұлып алып пайдаланбады деп ойладым. Егерде Роза сияқты сөйткен болса, бәлкім өмірлерін аман алып қалар ме еді?