"Time management" дегеніміз не?

"Time management" дегеніміз не?
жеке
блог

Time management ағылшын тілінен аударғанда өз уақытыңды бағалай білу, жоспраланған істерді уақытында жасауды білдіреді. Әрбірімізде ерішшектік деген жаман қасиетіміз бар. Көбіміз тапсырманы берілген күні жасамай, ақырғы күні ғана жасауға мәжбүр боламыз. Сонымен, осы еріншектік денсаулыққа әсер ете ала ма, жоқ па? Мен өзім студент болғандықтан, осы мәселені студент мысалында көрсетуге тырысамын.

Қазір, далада Қараша айының ортасы - емтихандарымыздың келе жатқандығының белгісі... Уақытын жүйелі түрде жоспарлай білген студент аралық тапсырмаларды өз уақытында жасап, емтихан кезінде қобалжымай, жақсы ұйықтап, аяғында жақсы баға алады. Ал, еріншек студент емтиханға тек бірнеше күн қалған кезде ғана дайындала бастайды. Өткен материал көп болғандықтан күні-түні оқи бастайды. Ұйқы жеткіліксіз болғандықтан неше түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін, басы ауыра бастайды, аяғында қалаған бағаны ала алмай шығады. Сондықтан, уақытымызды бағалай біліп, бәрін уақытында жасап, деніміз сау болып жүре берейік!