Тез келші...

Жақсы көремін. Жаныма тым жақын. Маған жайлы,жақсы мінез танытуына қарағанда,  ол да мені  жақсы  көреді. Екеуміз кездескен  күннен  бастап   мен оған тыным бермеймін. Қуанышымды, өкпемді,сырымды бәрі-бәрін соған айтамын. Тіпті түні бойы жазған өлеңдерімді оқып беремін.  Ол мені еш жалықпастан  үн-түнсіз тыңдайды. Дәл ол сияқты  мені  ешкім сағындырған емес. Ұзақ күттірген де  емес. Жанымды  жылатып тұрып, күлкісімен  жұбатқан да емес.  Дәл ол сияқты  өкпелеткен де емес.  Қазір жанымда жүрген сенің  ұзын бойлы аққұба  досың  мені еш тартпайды. Одан еш жылылық,мейірімділік сезбеймін.Жанымды жаралап,тоңдыруды ғана білетін  оны  маңыма жолатқым да келмейді. Ол да мені айналшықтап кетпейді. «Сені маған тапсырып кетті» деп қояды өзі. Сен үшін ғана  шыдап   жүрмін.  Жаңа  теледидардан   сенің   Қызылордаға  ерте келеді   деп хабарлады.  Қуанып кеттім. 

Рас айтам.  Сені күтіп жүргеніме 8 айдың жүзі болды ғой. Тез келші. 

 

Тез келші,КӨКТЕМ... "Қыс"  атты досың мені ренжітіп жүр...



Бөлісу: