"СG Food Central Asia» ЖШС – Түркістан облысында Wai Wai деген брендпен тез дайындалатын кеспе өндіреді. Аталған кәсіпорынның технолог маманы Айгүл Әзімбаева тез дайындалатын кеспелердің қалай өндірілетіні туралы айтты.
Маманның сөзінше кеспенің сапасы ұн желімтегінің сапасына тікелей байланысты. Кеспе өндірудегі бірінші процесс – қамырдың иленуі. Қамыр иленіп болған соң, жайылу процесінен өтеді. Соңыра пышаққа түсіп, кесіліп шығады.
Сосын ыстық буға шыланады, сол бу арқылы пісіп шығады. Пісу уақыты – 3,5 – 5 минутты құрайды екен. Пісіп шыққан кеспе дайын ыдыстарға барып түседі. Сосын майға пісіріліп, кептіріледі. Сосын қапталып, ішіне арнайы дәмдеуіштер қосады.
Атап өтерлігі "СG Food Central Asia" ЖШС тез дайындалатын кеспеге қосатын дәмдеуіштерді де өздері дайындайды. Аталмыш өнімнің «халал» стандарты бар. Айта кету керек бұған дейін Қазақстанға мұндай кеспелер Қытай мен Ресейден келген.