Тест тапсыруға көмектесетін орталық
блог
Мен мектепті 2003 жылы бітірген кезде Ұлттық бірыңғай тестілеу деген болмады. Біздің кезде тек кешенді тестілеу болды. Сол арқылы тест тапсырып оқуға түсетінбіз. ҰБТ- ға ілінбегеніме бір жағы қуанып, бір жағы жаңа үрдістен қалып қойғаныма өкінгендей болатынмын. Сол олқылықтың орнын кеше UStudy орталығына барып толтырып келдім. 2017 жылдан енгізілген жаңа форматтағы ҰБТ-ны тапсырып келдім, айтарым оқыңдар, дайындалыңдар. Біздің кезде тестіге дайындау орталықтары болмаған, қазір бәрі бар. Бастысы талап пен ақшаң болса ҰБТ-ны жақсы тапсыруға көмектесетін орталықтар бар. Соның бірі - UStudy тест орталығы. Өзім танысқан орталық жайлы ойымды жаза кетсем дегенім ғой.
UStudy тест орталығында онлайн және қағаз нұсқадағы тестілеу түрінде өткізеді. Тест орталықтарының ішкі интерьерінің ұнағаны жайлы айтпай кетпесе болмас. Бәрі таза, әрі атмосфера әр адамға тыныштық сыйлайтыны анық. Алматыда орналасқан кеңселерінің іші төмендегідей жабдықталған. Әр оқушыны жете бақылауға жағдай жасалған.
Биылғы тестқа енгізілген өзгерістерге тоқталмай-ақ қояйын, ол жайында толық мына жерден оқып аларсыздар. Мен тек онлайн түрде тапсыру түрін көрсеткім келеді. Негізгі үш пәннен қосымша екі пәнді таңдайсыз. Байқасаңыз әр мамандыққа тек 1-2 пән бекітіледі, таңдаған пәніңізге қарай қосымша пәнді таңдай аласыз.
UStudy тест орталығында дайындалудың жақсы жақтарын байқап қалдым:
1. Бұл жерде сіз балаңызды 5 сыныптан бастап тест тапсыруға бейімдей аласыз, әрі қай сабақтан қандай тақырыпты түсінбегенін қадағалай аласыз. Мысалы, сіз балаңыздың бір тоқсанда қандай тақырып бойынша артта келе жатқанын тест арқылы көре аласыз. Ең қызығы балаңыздың 5 сыныптан бері тапсырған тест архивы сақталады.
2. Тест тапсырып біткеннен кейін қате жұмыс жасау ұсынылады. Яғни, сіз асықпай қай жерде қандай қате кеткендігін көре аласыз.
3. Тест орталығының базасында 95 000 сұрақ бар. Тест тапсырып отырған кезде қате байқасаңыз не сұрақтың мәтінін түсінбесеңіз тест құраушымен немесе мұғаліміңізбен сұрақты талқылай аласыз.
4. Онлайн тестілеуді сіз кез-келген гаджет арқылы өте аласыз. Бастысы гаджет сізге ыңғайлы болса болды. Егер жоқ ондай мүмкіндік жоқ десеңіз қалаңызда орналасқан тест орталығына барып тапсырсаңыз болады. Тесттерді тапсыру құны 300 теңге.
5. Оқушы тест тапсырып қана қоймай бұл жерде оқушының ата-анасына, мұғаліміне, мектебіне оқушылардың тесттерінің қорытындылары бойынша толық статистика беріледі. Бұл маған ұнады, себебі сандардың адамды алға итермелейтіні анық. Статистика тіпті облыс басқарамаларынада жолданады.
P.S. Жаңа тестілеу жүйесі маған қиындау сияқты. Мысалы, бір сұрақтың 2 не 3 жауабы дұрыс болады. Ал сіз тек біреуін белгілеп екіншісін белгілемесеңіз сіздің балыңыз есептелмейді. Бір жағынан 120 сұраққа жауап беріп 140 балл жинау жақсы сияқты. Биылғы тестілеу жүйесі білімді ғана емес жан-жақты ойлауды да талап ететінін ұмытпаңыз. Талапкерлерге сәттілік тілеймін!