Дәл қазiр жол жүрiп келе жатырмын.Оңтүстiктің Швецариясы атанған Түлкiбас ауданында нағашымның ауылында 2 күн қонақтадым.Ендi Шырайлы Шымқалама қарай бет алдық.Көлiк жүргізушiсiне Аллаһ разы болсын.Бұрын көлiкке мiнгенде жүйкенi жұқартар,адамға ой салмайтын,арзан әндердi тыңдаушы едiк.Шынында ол әндерден шаршағанмын.Мына жүргiзушi осы олқылықты шайып кеттi.Жол бойы елiмiздiң атақты жыршы,термешiлерiнiң термелерiн тыңдап,ой қорытып келе жатырмыз.Бiреуге ұнар,бiреуге ұнамас.Бiрақ мен жақсы әсер алдым.Қуандым.Маржанын асыл сөздiң тердiм десем,артык айтпаймын...