ГМ-172/10 мекемесінде қамауда отырған сотталғандарға Маңғыстау облысының дін істер басқармасының « Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы – Омаров Берік өткізді "Аллаға иман" атты тақырыбында уағыз насихат жұмыстарын өткізді.
Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Алланың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар»,– деп нақты баян етілген. Және бір аятта Алла Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы Алланың бар екендігіне күмәнданасыңдар ма?» – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады.
Алайда, бір айта кетер жайт, аспан мен жердің арасындағы тіршілікті жоқтан бар еткен, бүкіл әлемдердің жаратушысы Алла Тағаланы толық мән‑мағынасында қамтып түсінуге адамның ақыл‑санасы жетпейді. Себебі, адамның болмысы шектеулі.
Олай болса, шектеулі тіршілік иесі адамның шексіз құдірет Иесі Алла Тағаланы толық көріп, біліп тани алмайтыны анық. Алла Тағаланың өзін толық танып, білу былай тұрсын, Алланың жаратқан тіршіліктегі заттар мен құбылыстардың да қыр‑сырына үңілуде ақыл шарасыздық танытып жатады. Бізге Алланы толық білуді емес, Оның барлығы мен құдіретіне сеніп, құлшылық ету бұйырылған. Әрине, мәселенің бұлай болуы да бекерден-бекер емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадис шәрифте: «Сендер Алланың нығметтерін (жаратқандарын, құдіретін, ұлылығын) ойлаңыздар. Бірақ, Алланың заты жайында ойланбаңыздар»,– дейді.
Осы тарапта ақпараттар айтылды. Кездесу соңында көкейдегі сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді.