Теңгерімдегі қаражатты алуға бола ма?! Әрине, болады!

Beeline, Kazpost, Qazkom, Wooppay компаниялары жаңа қызмет түрін ұсынады. Beeline мобильдік теңгерімдегі қаражатты енді Qazkom банкоматтары мен Қазпошта бөлімшелерінен алуға болады. Қазақстанның барлық аймағындағы тұрғындар теңгерімдегі ақшасын шешіп қана қоймай, төлемдер жүргізіп, аудара алады.

Төлемді жүргізу оңай. Мысалы, сіздің мобильдік теңгеріміңізде 5000 теңге бар. Оның 3000 теңгесін өзге қалада тұратын туысыңызға жолдайсыз. Сіздің туысыңыз өз қаласындағы Қазпошта бөлімшесіне немесе Казком банкоматынан ала алады. Алуға болатын ең аз сома 1000 теңге, тәулігіне алуға болатын ең көп сома 100 000 теңге.

Қызметтің толық сипаттамасы money.beeline.kz сайтында төлем сервисінде жазылған. 



Бөлісу: