Теңеу

Теңеу
жеке
блог

...Жыр жазамын мен өзіңе.

Оқырсың сен көңіл бөліп әр сөзіне.

Жеткізе алмаған сөздерімді жыр қылып

Аарнап тұрмын мен өзіңе.

Теңер ем қызғалдаққа мен қырдағы,

Бірақта уақыт өте ол солады.

Теңер ем өзіңді мен Биік тауға,

Шөгеді олар дағы уақыт оза.

Теңер ем өзіңді мен құралайға,

Қимаймын аңшылардың тұзағына.

Таба алмай жер бетінде теңеулерді,

Теңедім жүрегімнің сыңарына.