Теңдесі жоқ кітапхана

Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие кітапханалардың бірі мен бірегейі. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. 2013 жылдың наурыз айында ашылу салтанаты өткен бұл ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар кітапхана ауданы 1850 м2 құрайтын адамға арналған классиқалық оқу залы, «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін барлық факультеттерге арналған абонементтер, 220 адамға арналған электрондық кітапхана, қазіргі уақытта 7867 дана диссертация, 11407 дана автореферат құрайтын магистранттар залы, газет пен журналдың 250 атауын табуға болатын мерзімді басылымдар залы, XVI-XIX ғасырлық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған сирек кездесетін және құнды басылымдар залы, 2017 жылы ашылған Тұңғыш Президент залы, Әлем елдерінің кітап бұрышы, ғалымдар клубы сияқты ауқымды бөлімдерді қамтиды. Тағы бір айта кететін жәйт, Әл-Фараби кітапханасында  университеттің ғылыми форумдары, конференциялары, тренингтері, сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұратын 300, 80, 60, 50 орындық 4 конференц-залынан, ауданы 1800 м2 –ден астам жеке көрме алаңынан тұрады.

Кітапхана қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы ретінде сапалы білім беруге және жоғары білікті мамандарды даярлауға белсенді ықпал етіп, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен ерекшеленетін Орта Азия кітапханаларының аналогы жоқ заманауи кітапханасы болып отыр.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

1 курс магистранты Маханбетәлі Арайлым

Ғылыми жетекшісі:

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к. М.К.Мекебаев



Бөлісу: