"Тендерге түскен келіншек"

"Тендерге түскен келіншек"
жеке
блог

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының үздік қойылымдарының бірі жазушы Медеу Сәрсекенің «Тендерге түс­кен келіншек» дейтін драмасы.

Сахналық туындының негізгі айтар ойына келсек, тағдырдың бұ­ра­лаң жолдарында адам ба­сында неше түрлі тауқымет бола бермек. Өмірде жасаған бір шалыс қадам тек бір жанның емес жақындарының жанын жаралайтыны рас.

Сағила мен Таубай да орта жас­тан асып, ұл үйлендіріп, немере сүйіп, алдағы күндердің аман­дығын тілеп отырған жандар еді. Жалғыз ұлы шолжаң келіншегімен көлікте отырып аялдама тұрған бір кісіні қағып кетеді. Барлық бақытсыздықтың басы да – осы келеңсіз күн.

Қаперсіз тұрған кісіні қағып кеткен баланы темір тордан құтқарудың жолы қандай болмақ?! Баланы қиындықта құтқаруда ата-ана не істемейді, қарапайым өмірдің күйбең тіршілігін кешіп жүрген жандар бір тәулікте 100 мың доллар таба ала ма?

 "Тендерге түскен келіншек" деп еліктіріп тұрған драмада тендерге түскен кім? Тауңбайдың жұбайы Сағила ма, әлде үйлегі ерке келін бе? Ал біреудің жа­рын саудалап жүрген адам кім? 

Шарасыз отағасы – Таубайды театрдың актері Бекжан Тұрыс, ал «тендерге түскен келіншек» Са­ғила рөлін Дария Жүсіп, сондай-ақ адвокат Жорабекті Асылбек Боранбай мен Азат Сейтметовтер ой­найды.

Өнерсүйер қауым бұл кеште талантты өнер иесі Бекжан Тұ­рыс­тың терең ойынынан кейіп­керінің өмір мазағына тайталаса алмаған жан азабын көрсе, Сағ­и­ла­ны сом­дайтын Дәрия Жүсіп кейіпкер бол­мысын әр қырынан аша түседі.

Осы заманда қойнында жатқан жарын «тендерге» түсіріп қоятын азаматтар бар ма деген ой да мазалайды. Ал қойылымның ав­торы, жазушы Медеу Сәрсеке болса:

– Бұл шығарма 2009 жылы туды. Бастапқыда бұл пьесаны бірқатар облыстық театрлар қою­ға қызыққанымен, сахналауға асық­пады. Мен кәсіби драматург емеспін. Тек 25 жыл бойы ішіме сыймай, ұйқымды бұзған нәрсені жаздым – деседі.

Сонымен, қойылымда бүгінгі заманалы өмірдің теріс келбеті ашылып. Уақыт өткен сайын құндылықтардың да өмір шындығының да өзгеріп отыратындағы көрсетілген. Адамлардың соншалықты мейірімсіздігі, тіпті адам тағдырын пара шешіп, дәулетті адам мен кедейдің арасындағы айырмашылық өмірдің нақ өзі ретінде қойылады. Міне, актерлық кәсібилік деп осыны айтуға болады, өйткені актер дәл сол кейіпкерлің өзі секілді етіп рөлді тамаша сомдаған болатын. Көрерменннің театрдан ,ерекше әсер алып шығуына себеп болған да сол. Бұл қойылымның ең басты сезімге толы жері: сахна ашылғандағы әткеншектегі баланы екі жақтап ата-анасының тербетіп тұруы, ал қойылым соңында дәл сол әткеншекте шашы ағарған, өлі жанарлы ұл отыр, екі жағынан сұп-сұр киінген біреулер әлдилеп тұр.

Бала тәрбиесіне аса мән берген жөн, өйткені еркелетіп, әлпештеп өсірген балаң үмітіңді ақтамағанда жүрегіңнің езіліп, қарсы айырылғанын сезінесің. Ал, оған көмектесуде шарасыздық танытуың ата-анаға сын. Сондықтан, өмірдің өзі бәрін реттеп отырады дегенмен адам оған атсалыспаса өмірдің де уақыттың да  бір дертке ем болмайтындығы анық.