Теміртауым ай!

Теміртауым ай!
Шылым шекпе! Өз ағзаңды улайды.
Дейді дағы сыртын сұмдық бояйды.
Теміртауды қоршап жатқан зауыттар,
Шылымсыз ақ улап жатр талайды.

Бұл ой мені мазалайды тереңнен,
Мұрным ашып, түтін шықты денемнен.
Қара бұлттан жауған қара жаңбырды,
Теміртаудың көз жасына теңегем.

Қара түтін, көтерілген ауаға
Жаңбыр болып басымызға жауама?
Түтін исі тұншықтырып таңертең
Ауа жұту ауыр болып барама?

Бүлінді жаңа жауған ақ қарда,
Теміртауды қараңғылық басқан ба?
Күндіз күнді, түнде жұлдыз жасырып,
Қара бұлттар жүріп жатыр аспанда.

Мұның бəрі зияны ғой түтіннің,
Түтініңе Теміртауым бүліндің.
Көп зауыттар, қара түтін, ластану,
Ең маңызды мəселесі бүгіннің.
#АрманАбилхасимов 23.01.17



Бөлісу: