Темір тұлпардың темір таңбасы

     "Бәрібір әдемі нөмірлердің сатылатынын бәрі біледі, одан да ашықтан-ашық сатайық" деп ойлады ма, әйтеуір еліміздің Жол полициясы көрер көзге тартымды нөмірлердің саудасын заңдастырды.

   
   
Қазір "777", "555" деген секілді нөмір таққан көліктерді Жол полициясы көп тоқтат­пайтын болды. Осылайша нөмір сандарына қатысты жікте­луді өзіміз қолдан жасап отырмыз. Енді халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ерекше санды нөмірлерді "Жигулиге" де, "Маздаға" да беріп, санда тұрған ештеңе жоқ екендігін насихаттауымыз керек. Осылай еткенде ғана ерекше санды нөмірлерге қатысты қызығушылық бәсең­дей­ді. Мұндай нөмірлерді сатып, оны қалталы адамдардың алуына жағдай жасау дегенді өз басым қолдамаймын.
Дегенмен бұл ретте халықтың құқы бұзылмауы тиіс. Бұрынғы кеңес өкіметі кезіндегідей, нөмір сандары да кезегімен берілгені жөн. Өйткені ерекше санды нөмірлерді саудаға салатын болсақ, бұл жас ұрпақтың тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін. Олардың да санасында "ақша болса, бәрін де сатып алуға болады" деген ұғым қалыптаспасына кім кепіл? Сондықтан бұл әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алып қарағанда да дұрыс әрекет емес деп есептеймін.



Бөлісу: