Темір қораптың ішінде өмір сүретін адам:Пол Александердің өмірі

Темір қораптың ішінде өмір сүретін адам:Пол Александердің өмірі
жеке
блог

 1946 жыл 10 қаңтар Америка Құрама Штатында,Даллас қаласында дүниеге Пол Александер есімді бала келді.Барлық қарапайым балалар сияқты ойнауды,сурет салуды жақсы көрді.Алайда 1952 жылы Пол Александердің өмірі түбегейлі өзгерді.Оның басты себебі сол кездері әлемді жайлаған полиомиелит ауруы болды.Полиомиелит ауруы орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.Ауру кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымдалып,әсерінен барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. 

 Пол Александердің жағдайында,ол балалармен ойнап жүріп,өзін жайсыз сезіне бастаған.Үйіне қайтып,оны көрген анасы бірден баласының жағдайын түсінген.Ол 5 күн бойы ата-анасының қарауында болды.Оның жағдайы нашарлап,ауа жұтуы қиындаған кезде анасы ауруханаға апарды.Оны көрген ең алғашқы дәрігерлер бала аман сау қалмайды деген.Арада келесі дәрігер келіп,жылдам шаралар жасап,оны «темір өкпе»аппаратына орналастырды.Осындай жағдайларға қарамастан Пол өмірін жалғастырып,күнде полиомиелит ауруымен күресті.Жарты жылдан кейін үйіне оралған Полдың өмірі бұрынғыдай болмайтыны белгілі болды.Спортпен айналысу,достарымен ойнау ол үшін енді мүмкін емес еді.Ол барлық қарапайым адам секілді,таң ертең тұрып,тісін тазалап,таңғы ас ішетін.Теледидар көруді аса ұнатпайтын.Керісінше кітап оқып,түрлі суреттерді бояйтын.Мектепті жақсы аяқтап болған соң,жоғары оқу орнына түскісі келді.Бұл жағынан оған оңай болмады.Алайда Пол ешқашан берілмейтін.Екі жыл бойы жоғары оқу орнына түсу үшін барын салды.Осылайша ол қиындықтарға мойымай,жоғарғы оқу орнындағы емтихандарды жақсы аяқтап,заңгер болды.Бұнымен оның өмір жолы тоқтап қалмады.Ол арнайы құрылғының көмегімен,өзінің өмір жолы жазылған кітап жазып шығарды.Автобиографиялық кітабы 2020 жылы жарық көріп,оқырмандардың көңілінен шығып,оларға шабыт сыйлады.

 Пол Александердің бұл кітапты жазудадағы басты мақсатыда осы еді.Полдың айтуынша адамдардың қайдан шыққаны,қандай өткені немесе қандай болашақ оны күтіп тұрғаны маңызды емес.Ең маңыздысы өз мақсатыңа жоспар құрып,өзіңмен ауыр жұмыстарға дайын болу қажет екенін айтады.