Темір жол көпірі жабылады.
блог
Иә Атырау-Доссор бағытындағы маңызы бар қала қақпасы саналатын темір жол көпірі жуық арада жабылмақ. Бұған себеп көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты. Бұрындары бір жолақты болып келген бұл көпір енді жаңа жөндеуден соң өз көлемін екі есе ұлғайтпақ. Сөздің шыны керек таңертең таң атысымен, кешке түс ауғанда көпір аузында кептеліп қалатын көліктер (қысты күндері көпір ауызында сағаттап кептеліп тұратын) ендігі бірер айда кептелістен арылатын болады. Осы айдың 20-шы жұлдызында жабылып Қараша айының алғашқы күні пайдалауға беріледі деп хабарлайды Атырау қаласы әкімі орынбасары Жұмабай Қарағаев. Естеріңізге сала кетсек бұл көпір өткен айдың еншісінеде кеткен болатын. Бастапқыда Сәуір айының соңы жабылып Тамыз айында пайдалануға беріледі деген. Кейін себепсіз көпір құрылысы тоқтатылған болатын. Ал жақын күндері берілген мәлімет бойынша көпірдің құрылысы қарқын алмақ. Тағы бір айтары Жүк көліктері мен қалааралық жолаушылар тасымалы маршурттары қала сыртындағы айналма Элеваторный жолы арқылы кіретін болады.