Темекінің тізгініндегі АРУ

Қараша айы,

Менің жаным тыныштықты қалады,

Таңнан бері ақ жауынға шомылуда қала әлі.

Тірі жан жоқ, кенет, әттең темекісін тістелеп,

Бір сұлу  қыз жол шетімен жүріп кетіп барады.

 

Түн.

Қараңғы.

Бүлдірді ғой ауа-райын, қаланы,

Ашу қысты.

Бұл бойжеткен мөлдіреген жанары

Ойламай ма болашағын, ойламай ма қаланы?

Айтыңдаршы күресердей кімнің бұған бар әлі?

 

Бұл не сұмдық? 

Ана емес пе еді, болашақ,

Еркегі-қазан, сәбиі-жалын, ана-ошақ.

Бүгінгі қыздар, әттең, түтінге ұқсап барады,

Қателеспейміз бе, ошақ деп оны санасақ?

 

Мини юбке дженсиі ғой тағы да оның кигені,

Еншісіне анасынан сол болды ма тигені.

Мен білмеймін бұл қыз жайлы, білетінім біреу-ақ,

Кешегі сұлу Қыз-Жібек, Төлегеннің сүйгені.

 

Мини юбке кимек түгіл, жаймайтұғын шашын да,

Сыңғырлап қалмай шашбауы, жүрген ылғи қасында.

Қыз-Жібектердің аузына, қазір, темекі тығып қойғанбыз,

Қазақтың қызы, өтінемін, еліңді бұлай басынба!



Бөлісу: