Бір күні,
Қоя тұрып күлкіні.
Әңгіменің менде боп тұр төркіні.
Тырқылдақ темекі мен аңқылдақ анаша
Бір-біріне қатты өкпелеп.
Ең алдымен Тәкең тұрып
Аузына келгенін бөсті кеп.
- Мен темекі нетемін,
Яғни, талай өкпені улап кетемін.
Жер құштырып адамды
Мақсатыма жетемін.
Мен өзім қымбат болсамда
Көп адам сатып алады,
Тиын-тебені жетпей қалса
Алмай кетпеймін деп жатып алады.
Аллаға шүкір дейін дегенмен,
Связым мықты әзірге түтінмен.
Біле-білсең адамға
Ең қажеттісі мына мен-
Деп шоғын бұрқ еткізді,
Ал аңқылдақ анаша
Ернін былай сылп ткізді.
- Мен крутой анаша,
Жүрген жерім ойын-сауық тамаша,
Мені татқан адамдар
Мәз болады балаша.
Ал енді көңілім тасын,
Бой-сойына қарамай
Улаймын кәрі-жасын.
Түсінсең сеннен көрі
Менің кәйфім Басым.
Әзірге күш-жігерім бойымда,
Сондықтан мықтылығымды мойында-
Деп өз ойын қойып қалды.
Ал темекі қалшиып тұрып қалды.
* * *
Орындалсын десек ізгі армандар,
Жаман аяқ мұндай іске бармаңдар.
Қызық үшін тартып, шегем десеңдер
Байқаңдар уланып қалмаңдар.