Университет қабырғасында жүргенде әсіресе қазақ тілінде кəсіби терминдер жайында материал табу қиын. Тіпті, жоқтың қасы. Көбіне конспект жазып, рефераттан бас алмайтын студент үшін төмендегі сөздер бір қарағанда түсініксіз болуы мүмкін. Дегенмен практикалық тəжірибе барысында бұл терминдер қажет болады. Жаһандану өз тәртібін орнатқан уақытта арнайы теориялық оқулықтар жаңарып үлгермей жатыр. Сондықтан, қол қалт ете қалғанда есте бар, қолданыста жүрген бірер сөздерді тізіп өтейін. Дені орыс тілінде немесе ағылшын тілінен енгенін ескертіп қояйын. Жəне қысқаша жазылуын ұсынамын. P.s: Кейбір сөздер екі салаға да ортақ болып келеді.
ТЕЛЕАРНА
ДИКТОР - Эфирде жаңалық оқитын маман.
КОРРЕСПОНДЕНТ - тілші.
ЗКТ – кадр сыртындағы мәтін.
СНХ – сұхбат берушінің сөзі.
СТЭНДАП – журналистің материал басында,
ортасында не соңында кадрда тұрып айтатын сөзі.
ХРОНОМЕТРАЖ – материал ұзақтығы.
ХРИПУШКА – сұхбат берушіні камераға жазып алу мүмкіндігі болмаса, не шұғыл ақпаратты телефон арқылы дауысын жазып алып эфирге беру.
ПЛАН – мәтінді жабатын видеолар жиынтығы.
НАЧИТКА – материал мәтіні оқылған дыбыс нұсқасы.
ТИТР – сұхбат берушінің аты-жөні туралы ақпарат.
ГЕО – Материалда көрсетілген оқиғаның қай жерде болып жатқанын көрсетеді.
ИНТЕРШУМ - материал арасында оқиға үстінен берілетін видеоүзік. Мысалы, айтыстан бір ауыз үзінді дегендей.
КОЛЛАЖ - Студия экранная тақырыпты ашу үшін берілетін сурет пен сөйлем.
ИНФОГРАФИКА - сандар мен формулалар, статистикалар. Көрерменге түсінікті болу үшін беріледі.
СЛОЖКА - көбіне диктор оқып шығатын материал. Ұзақтығы 1-1,5 минут.
ДИКТОР+СНХ+КСМ+СНХ+КСМ түрінде беріледі.
ШПИГЕЛЬ - маңызды, қызықты ақпарат жасап жатқан тілшінің материалына аңдатпа.
РАДИО
ДИДЖЕЙ - Эфирде отырып музыканың айналуының жауап беретін маман. Кейде жүргізуші ретінде эфирге шыға береді.
МУЗЫКАЛЫҚ СЕТ - эфирге берілетін музыканың алдын ала жинақталып монтаждау ып біріктірілген нұсқасы.
ПУЛЬТ - радиотолқын арқылы аудиоқабылдағыштарға тарайын жүйені басқаратын құрылғы.
ФЭЙДЕР немесе ФЭЙДЕР - пультте орналасқан дыбыстың деңгейін реттейтін бақылаушы тетікшілер.
МУЗЫКАЛЫҚ БАЗА - əндердің жинақталған қоры.
ПЛЕНКА - эфирдегі жаңалықта не бағдарламада берілетін сұхбат берушінің дауысы.
ДЖИНГЛ - радио эфирін я болмаса атауын еске салатын музыкалық немесе вокалды түрде жасалған ролик.
МОНТАЖ - эфирге берілетін ақпаратты алдын ала даярлау процесі.
ШАПКА - бағдарламаның безендірілуі. Бұл үшін арнайы роликтер жасалады.
P.s2: Қосымша есіңізге түсіп жатқаны болса қоса отырыңыз.