Телефоныңыз тыңдалуы мүмкін

Қазір 21 ғасыр - техникалық прогресстің кезеңі. Бүгінде түрлі ұялы телефондар, гаджеттер бар. Бірақ, көпшілік олардың толық функциясын білмеуі мүмкін. Мысалы телефондағы әңгіменің тыңдалуы. Егер сіз де бейхабар болсаңыз, төмендегіні оқыңыз:

*#21#  - пәрмені ұялы телефоныңыздағы "переадресация" жайлы толық мәлімет береді.

*#62#  - пәрмені қай телефонға "переадресация" қосылғанын көрсетеді. Бұл арқылы сіздің әңгімеңізді кім тыңдайтының біле аласыз. Ал, бұл "переадресацияны" өшіру үшін мына пәрменді еңгізесіз -  ##002#

Егер де сіз кімді және нені бұғаттағаныңзды білгіңіз келсе (қоңырау шалу, смс жазу т.б), *#33# пәрменін терсеңіз болғаны, мағлұматтар шыға келеді.

Және де ең қажетті пәрмендердің бірі - Телефоныңыздың IMEI кодың анықтау пәрмені -   *#06#. Неге ең маңызды десеңіз, ұялы телефоныңыз ұрланған яки жоғалған кезде, полиция қызметкерлеріне IMEI кодты айтар болсаңыз, олар еш қиындықсыз телефоныңызды бұғаттай алады. Және де тауып беруге мүмкіндік туады.

Егер сим картаңыз жайлы толыққанды мәлімет алғыңыз келсе, *#3001#12345#* пәрменін теріңіз.

Жоғарыда көрсетілген пәрмендер барлық  ұялы телефондарда істейді. Тіпті Android пен IOS операциялық жүйелерінде де.



Бөлісу: