Сіз күніне неше сағат ұялы телефон немесе ғаламтор қолданасыз?
Қазіргі заман – технология заманы. Күнделікті істеріңізді ғаламторсыз немесе компьютерсіз жасауға тырысып көрсеңіздер, жағдай катты күрделеніп кетеді. Қайда қарасаңыз да жастардың қолдарынан ұялы телефон түспейді, тіпті ересек адамдар да өмірін телефонсыз елестете алмайды. Кеште отырса, сабақтың үстінде болсын немесе дастархан алдында почтасын тексеріп әлде жаңа шыққан видеоларды қарап отыратын адамдар көп. Барлық адам емес те шыгар, бірақ көбісі деп ойлаймын. Шыны керек мен осы адамдардың қатарына кіремін және осы блогта телефон мен ғаламтордың тәуелділігінен кұтылу жолдарын сипаттаймын.
Әйгілі психолог Николас Карр бұл құбылысты мұқтаждық, айналамызда қандай жаңалық болып жатқанын білу адамның бір инстинкті деп айтады. Тәуелділіктен құтылу жолдары көп, олардың біреуі Digital Detox деген приложение қолдану. Ол телефонды 30 минут, 2 сағат, 1 күн, 1 апта немесе 1 айга сөндіріп қояды. Бас тартып телефоныңызды қолданғыңыз келсе, ендігі тым кеш, уақыты біткенше күтесіз. Big Red Stop деген программа автоматты түрде Facebook/Twitter-ге келетін хаттарға сізді бос емес, бос болған соң хабарласатыңызды жазып жібереді.
Бұл мұқтаждықтан тағы бір қутылу жолы – өзіміздің өнер күшімізді қолдану. Мысалы дизайнер Молли МакЛеод өзінің телефонындағы басты бетіне – «Экранына қарама, жан-жағыңа қара» деген жазу қойған. Осы әдістің көп пайдасы тигенін және көптеген адам бұл сүретті жүктеп алғанын айтады.
Телефонды мүлдем қолданбаудың бір жолы - NoPhone деген ұялы телефонға ұқсатқан пластикті қолдану. Жасаушылар бұл зат $12 тұратынын, және көптеген пайдаларын айтып кетеді. Мысалы NoPhone сынбайды, суға төзімді, заряд қажет етпейді және сұхбаттарда кетергі келтірмейді. Шыны керек бұл затпен телефон соғалмайсыз, бірақ жүйкеңізді тыныштандыру үшін оны қалтаңызда сыйпап ұстай аласыз және түнде басыңызға алып жатсаңыз еш зияны тимейді. Әрине бұл затты сатып алу қажет емес, өз қолыңызбен істесеңіз болады.
Шындыққа сүйенсек, қазіргі таңда ғаламторсыз немесе ұялы телефонсыз өмір сүру мүмкін емес. Кейбір жігіттеріміз қыздармен танысуды ғаламтор арқылы жөн көреді. Қыздарға көшсек, олардың басты байлықтары денсаулық, жанұя емес - инстаграмындағы лайктары болып көрінеді. Сондықтан да бауырларым бұндай жағдайға көшпес үшін әрекет жасап сақ болайық!
Назарларыңызға рахмет!