телефоның болмаса...

телефоның болмаса...
жеке
блог

     ұялы телефоным бұзылып, телефонсыз жүрмін. Адам баласы үйренісіп  қалған белгілі бір қажеттілігі болмаса қиын екен. Қиындылығы соншалықты қатарласымнан қалып қойғандай сезінемін. Тіптен, мына өмірден, заманнан қалып қойғандаймын. Бір жерге барсамда телефонсыз қиын екен. Көшеге шықсамда достарым қайда екені белгісіз, көшеден таныс жанды кезіктірсем қоңырау шалшы деп өтінгендей сұраймын. Университеткеде кешігіп барсам өз факультетіме барып, сабақ кестесін қарап, бірақ аудиторияға кіремін. телефон болса бірден балаларға звондап қай аудитория деп сұрай салған жеңілдеу...

    1 курста ағайымыз айтып еді адам баласы телефонға бейімделіп қалған, телефоны болмаса ешнәрсені шеше алмайды деп. Расында да, қайда барсаңда, не істесеңде ұялы телефонның қажеттілігі мол екен. бұрынғы кезде ұялы байланыссыз қалай күн кешті екен???..