Телефонға телміру әдет пе, ауру ма?
блог
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өскен. Ал, ұялы телефон байланысын пайдаланушылар да осы кезеңде 750 миллионнан 5 миллиардқа дейін көтерілген. Бүгінде бұл көрсеткіш 6 миллиардтан асты. Технология дәуірі осы үдерісінен жаңылмай дами беретін болса, алдағы бес-он жылда жер беті халқы интернетпен толық қамтылары сөзсіз.
Жаһандану жолындағының бәрін жапырып, қазақтың өміріне, тұрмыс-тіршілігіне дендеп енді. «Бұдан қашып құтыла алмаймыз» деп шарасыздық танытқаннан гөрі, мемлекеттік деңгейде ойланбасқа болмайды.
Мойындау керек, интернет – кез келген технология секілді пайдасы мен ықтимал зияны, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін күрделі құбылыс. Оның, әсіресе, жастардың жадысын жоюға кері әсері көп. Жастайынан өлең жаттап, есеп құрастырып, қисынды амалдарды өз бетінше шешетін бала мен кез келген дүниені компьютерден іздейтін жеткіншектің қабілет-қарымын салыстыруға келмейді. Олай болса, бүгінгі жастардың уақытты үнемдеуді сылтауратып, интернетке жүгінуі жақсылыққа апармайтынын кеңінен түсіндіру әбден керек.
Осы тұста ата-аналардан да кінә бар,баласы жылай қалса болды қолына телефонды беріп тыныштандырып жатады.Ғаламторды зиян деп түбегейлі қарсылық білдіруге де болмайды,дегенмен оның да өз мөлшері болады.Бір ғана мысал,кеше ғана көршілес Ресейдің "Керчь" облысындағы жағдай.Ғаламтордан атыс-шабыс бейнеойындарды ойнап,оның "ішіне түсіп кеткендігі" сонша шын өмірмен ойынды ажырата алмайтын жағдайға жеткен.Егер дер кезінде шешім қабылдап,осы дертпен күресуді қолға алмасақ,бұл жағдайдың біздің елде де қайталануы бек мүмкін емес пе? Баланың тілі шықпай тұрып қолына ұялы телефон ұстатып соны үйргенгеніне мәз боламыз,ал шын мәнінде телефон,ғаламтор оның қаншалықты санасын улап жатқанын ойымызға да алмаймыз.Бүгінгі күні "жыламаған балаға емшек жоқ",-деген мақалды өзгертіп, "жыламаған балаға телефон жоқ",-деп айтатын хәлге жеттік.Кітап оқып,ертегі тыңдап,жыр жаттап өсетін бүлдіршіндеріміздің тағдырына,өз қолдарымызбен балта шауып жатқанымызды түсіну соншалықты қиын ба? Ұлттың болашағын ойласақ,ұрпағымыздың саналы және салауатты болып өскенін қаласақ ғаламтордың шырғалаңынан абай болып,жақындарымызды да осы тажалдан аулақ ұстағанымыз жөн!