Телефон нөміріңіз қандай?
блог
Жиі қойылатын сұрақтардың бірі - "Телефон нөміріңіз қандай?". Ал бұл сұрақ ағылшынша қойылса, онда қалай жауап беруге болады?! Мына мысалға қараңыз:
- What’s your telephone (phone) number?
- It’s 941 572 08 (nine four one ... five seven two ... oh eight).
Ағылшын тілінде телефон нөмірін айтқанда әр сан жеке-жеке айтылады. Яғни, нөлден тоғызға (0-9) дейінгі сандардың ағылшыншасын білсеңіз болды, ондық не жүздікті қолданып айтудың қажеті жоқ. Әрбір екі немесе үш саннан кейін үзіліс (пауза) жасалынады. Егер екі бірдей сан қатар келсе, онда санның алдынан double сөзін қолданып деп айтуға болады. Мысалы,
- What's your phone number?
- It's 496 821 33 (four nine six ... eight two one ... double three).
Сандар |
Ағылшыншасы |
Транслитерациясы |
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 |
oh one two three four five six seven eight nine |
әу уан түу срии (фрии емес) фоо файв сикс сэвн эйт (эйч емес) найн |