Тек біздер еденді тазалап келе жатып жолда жатқан қоқыстарды қолымен теріп алып шаңсорғыштың көмейіне саламыз?
Тек біздер ғана таусылып қалған кремді шиыршықтап орап ееең соңғы тамшысына дейін пайдаланамыз.
Тек біздер ғана үйге қоңырау шалып: «Үйдесің бе» деп сұраймыз.
Тек біздер йогуртты ашқан соң қақпағын тілімен жалтыратып тазалап барып тастаймыз.
Тек біздер таусылған порошоктің ішіне су құйып бір шайып аламыз.
Тек біздің жігіттер д/ш-ға шалбардың ішінен трикосын дайындап барады.
Тек біз тушьтың таяқшасын міндетті түрде жоғалтып, ең кіші саусағымызбен көзімізді бояймыз.
Тек біздің қыздар далабы таусылса сіріңкенің басына мақта орап ерінімізді боляймыз.
Тек біздің әжелер ақшасын беторамалға, беторамалын нәскиіне, оның сыртынан мәсі киіп сақтайды.
Тек біздің ағаларымыз іні-қарындастарына күніне 10 мәрте «Москваны көргің келе ме?» деп сұрайды.
Тек біздің әйелдер күйеуінің карточкасын тартып алады да, «үйге бір тиын ақша әкелмейсің деп долданады»
Тек бізде ғана айлықтан басқасының бәрі кымбат.
Тек бізде ата-аналар өз баласына «кімнің баласысың» деп сұрайды.
Тек біз ғана « каксың?, болад, не жаңал. еш, өз,ммм, мхм» деген сөздерді бірден ұғамыз.
Тек бізде ғана үйленетін «нормальный» қыз бен жігіт жоқ))
Тек біздің апалар беташарға салған 500 теңгенің сдачасын табақтан қайтарып алады.
Тек біздер ғана бос пакетті бүктеп бір пакетке жинаймыз.
Тек біз ғана...... Жалғастырсаңыздар қарсы емеспін