Тек Біреуге келеді еркелегім..

Тек Біреуге келеді еркелегім..
жеке
блог

Жандырғың кеп іздесең, өрт-өлеңім,

түбіндемін жүректей жертөленің.

Несіне лапылдайсың,

Жетер енді!

Онсыз да маздап мұңмен өртенемін.

Сезімдерден келе ме көлкелегің,

әлде жаншып,

келе ме желкелегің?!

Өлең,

сен одан да өртесеңші

жұбатпай,

жылатқан еркелерін

заманның сезімсіз серкелерін.

Жоқ,

Өртеме!

Тек жырлап өт:

Қалдырмай қазағымның еркек-ерін,

өзге ой ойламаңдар,

бәріне емес,

тек Біреуге келеді еркелегім...