Тегтер қою – өнер

Тегтер қою – өнер
жеке
блог

Мәкеңнің кезекті бір зерттеуі. Тегтер жайлы. Жалпы тегтер жайлы не білеміз. Ол не?  Тег дегенді осында блог жазып жүрген  достарымыз блогты жазып болғаннан кейін астына қосалқы жазылатын, іздеуге арналған кілт сөздер деп біледі. Иә, ол дұрыс. Бірақ сол тегтерді дұрыс қойып жүрміз ба? Тегтер не үшін керек? Тегтер жайлы Уикипедия деген досымыз былай дейді:

«Тег – аудио, видео немесе мобильді мақалаларға қосалқы жазылатын ақпараттық белгілеу. Іздеуге арналған кілт-сөз» (с) Уикипедия

 

Ал жалпы блогтардағы немесе кез-келген интернет парақшалардағы тегтер 3-ке бөлінеді:

  • Жоғарғы жиілікті (высоко частотный) тег – бір неше сөзден ғана тұратын тег
  • Орта жиілікті (средне частотный) тег  - 5-6 сөзден тұратын тег
  • Төменгі жиілікті (низко частотный) тег – көп сөзден тұратын тег

 

Қайсысы қай кезде қолданылады?

Жалпы блогты жазған кезде тегтерді дұрыс қоя білген жөн. Мысалы, жоғарғы жиілікті тег (текст бойынша әрі қарай ЖЖТ)  тұратын жерге төменгі жиілікті тег (текст бойынша әрі қарай ТЖТ) қойылған болса, сіздің блоғыңыз оқылмай қалуы мүмкін. «Қумашы, сонда тегке бола оқымай қояды ма?»-деп отқан шығарсыздар? Оқымай қоймайды, таппай қалады. Түсіндірсем:

Мысалы,  Zero.kz сайтына өтіп көріңіз (zero.kz – Қазақстандық сайттардың рейтингін шығаратын сайт). Ол сайттан сіз «Колесаның» ең алдыңғы қатарда екенін көре аласыз. Ал кез-келген жарнамасын ашып қарасаңыз, ЖЖТ қолданған. Енді сіз өзіңіздің сайтыңызға көлік сататыныңыз туралы кез-келген хабарландыру жазыңыз. Оған ЖЖТ қойыңыз. Мысалы  «Продам, автомобиль, в, Алматы». Ал енді Google-ға сіздің жазған тегіңіз бойынша іздеп көрсеңіз сіздің жазған хабарландыруыңыз 50-беттерде болуы МҮМКІН.  Ал егер сіз тегіңізді ЖЖТдан ТЖТға ауыстырсаңыз, мысалы былай:  «Продам, автомобиль, в, Алматы, не, дорого, Honda, accord, 1994» Бұл тег сіздің хабарландыруыңызды бірнеше бетке алдыға жылжытады. Өйткені тегте жазылған сөздер сіздің хабарландыруыңыздың текстінде де бірнеше рет кездесіп отырады. Ал сондай хабарландырулары көп сайттар (мысалы, жоғарыда айтылып кеткен «Колеса») Гугл парақшаларына бірінші қатарда, себебі, оларда бұндай тегтермен жазылған веб-парақшалары көп. Бірақ ТЖЖТ және ТТЖТ деген де бар. Олар жайлы төменірек.

Google-жәй ғана іздеуші емес

Байқайсыз ба, сіз осында кез-келген  блог жазып болғаныңыздан кейін бірден екі қаралым (просмотр) болып тұрады? Неге? Оның біреуі сіз, екіншісі менің жан досым Google.  Жалпы интернет желісінде жаңа ақпарат пайда болғаннан кейін бірден Гугл роботтары жұмысына кіріседі. Сіздің блогыңызды бірінші болып жазып жатқыныңызда сіз оқысаңыз, екінші болып сол оқиды. Оқиды, зерттейді, осындай сілтемеде осындай ақпарат бар деп жаттап алады. Не үшін?

Осы жерде карамель дәмі бар тәтті кеңес айтып кетсем: «Мүмкіндігінше блогыңыздың ішінде тақырыптан алынған, тег болып та жазылатын бір (2-3) сөзді блогыңызда аз дегенінде 3-6 рет қолданыңыз (осы блогта менің «тег» деген тегім 29 рет қолданылып отыр). Сол мағынадағы басқа сөзбен алсаңыз да болады. Мысалы бір жерде Жанұя десеңіз бір жерде Отбасы деңіз»

Ал енді сөзімді жалғастырайын. Гугл ақымақ емес, кез-келген ақпаратты алдыңғы қатарға қоя бермейді. Алдыңғы қатарларға мына критерийлермен таңдалынады:

  • 1-шіден, 2-шіден деген бөлінулері бар мақалаларды бағалайды, сондықтан мен де осылай жазып отырмын, сіз де қолданыңыз;
  • Схемалар, кестелері бар мақалалар да өте бағалы;
  • Сайттың қанша уақыт жұмыс істеп келе жатқанына да қарайды. Бүгін істеп, ертең жабылып қалады-ау деген сайттарды алдыңғы қатарға қоймайды;
  • Беттердің қаралу уақыты. Егер сіздің сайтыңызға кіргендердің 50%-дан көбісі 3 минуттан кем отыратын болса, алдыңғы беттерден көрінуді армандамаңыз. Сондықтан кейбір сайттар мақалаларының астына видеороликтер қойып қояды. Ақылды, иә, елдер?

Ал енді осы критерийлерге сәйкес келсе де алдыңғы қатардан табылмау себептері:

Тым Жоғарғы Жиілікті Тегтер (переизбыток ключевых слов) – айтқанымдай Гугл өте ақылды робот. Ол тегтері тым көп беттерді елемейді. Әдетте «нашар» сайттар әртүрлі тақырыбына қатысы жоқ тегтер қоюмен қаралым көбейтеміз деп әуреленеді. Гугл досымыз оны біледі, сондықтан.... Ақылдыға бір-ақ сөз.

Тым Төмен Жиілікті Тегтер (недостаток ключевых слов) – ал тегтері тым аз парақшаларды (әдетте тегтері екеуден кем немесе жәй ғана тыныс белгісін қоя салған парақшалар) елемеу себебі жұмысына осал қарайтын авторларды жақтырмайтыны... деп ойлаймын енді...

 

P.S.: Бірнәрсе емес, оқуға тұрарлық дүние жаз! (С) Дидахмет Әшімханұлы

Және тегтерін дұрыс қой!  (С) Мейіржан Жылқыбай 

P.P.S.: Орта жиілікті тегтер жайлы білетінім аз, сондықтан үн демедім