Тегін жарнама
жеке
блог
блог
Apple мен Samsung-тың тартысы әрқашан да таусылмақ емес. Әйтеуір салыстырамыз да жатамыз. Менің ойымша, бұл екі компания жасырын кездесіп әлемдегі тұтынушыларын екіге бөліп алған. Қара пиар арқылы бір бірін кемшілігін айта отырып, жұртты өздеріне қаратады. Байқасақ екі компания бір бірінен озбайды да, қалмайды да. Екеуі де ұтылып жатқан жоқ. Оларды журналистер салыстырып тегін жарнама жасап береді. Әйтпесе олар сияқты компания көп қой. Бұл да екі компанияның "соғыса" отырып, тұтынушыларды қақпанына түсірудің ең тиімді тәсілі.