Театр төңірегінде

Театр төңірегінде
жеке
блог

Қазіргі таңда театр көрермендері залды толтырмайды.  Алайда, əртістердің шеберліктері көңіліңе шуақ ұялатады. Əр əртіс өз рөліне беріле ойнайды. Бар эмоцияны көрерменге жеткізе алды.  Өз істерінің шебері десек те болады. Мен  «Мұқағали» поэтикалық драмасын мысалға келтіргім келеді.  2004 жылы алғаш рет сахналанған, содан бері театр репертуарындағы көрермендер тарапынан жоғары сұранысқа ие қойылымның бірі. Пьеса авторы Серік Тұрғынбекұлы, қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Ақиық ақынның бейнесін актер Жанқалдыбек Төленбаев сомдайды. Ол образды толық ашты десем қате емес.  Шеберлігін көрсете алды. Халыққа Мұқағалиды таныта,  жеткізе білді.  Сахнада өзін профессионалды түрде ұстады. Халық көңілінен шықты деген пікірдемін.

Бұл драмада ,өмірін поэзия мен прозаға арнаған ұлы тұлғаның бейнесі театр өнері арқылы барша көрерменге насихатталуда. Заманына сыймай кеткен ақиық ақынның жүрегі нәзік. Поэтикалық драмадан тірі кезінде бағаланбаған ақынның қоғамнан көрген қиянатын, жан күйзелісін байқаймыз. Бір ғана ақын өмірі арқылы өмір сүріп отырған ортаның хал-ахуалын көреміз.