Театр- тәрбие көзі

Театр- тәрбие көзі
жеке
блог

Театр - ол шығармашылық адамдардың ортасы. Грек тілінен аударғанда "ойын сауық орны" деген мағына беретін бұл мекеннің өз құндылығы бар. Тек дайын драматургияны қойып беру емес , ондағы оқиғалардың неге олай болғаны жайында ойлану. Өйткені театр көрермендерге әрдайым дұрыс жол көрсетіп отырады. Адам баласын жақсы жағына өзгеріп, өзін түсініп, рухани дамуға септігін тигізері сөзсіз. 

Жүсіпбек Аймауытов айта кеткендей «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Шың мәнінде онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қасірет секілді қасиеттердің ара жігін көрсетеді.  

Еліміздің театр тарихына көз жүгірте кетсек, өмірлерін өнермен байланыстырып, сөз жетпейтін ерекше сезім қалдыра білген Тұнғышбай Жаманқұлов, Асанәлі Әшімов, Гулжамал Қазақбаева сынды тағы да басқа өнер адамдарының есімі тарихта мәңгіге қалады. Елімізде аты әлемге танылған Мухтар Ауезов, Ғабит Мүсірепов, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов секілді ұлағатты өкілдеріміздің атынан ашылған театрларда бар.Сонымен қатар балаларға арналған театрлар және балалардың ой өрісін кеңейту үшін қойылатын " Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар бар.

Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».- деген Мухтар Ауезов атамыздың сөзімен ойымызды қорытындылайық