Театр – мəдениет пен өнер ордасы
блог
Театр - адам жанының рухани азығы. Театр арқылы адам өседі, өнеді рухани дамиды. Тек көңіл көтеру емес, мəдени ошақ. Өткен дəуірдің тұрмыс тіршілігін, мəдениетін, өнерін барлығын қазіргі заманғы халыққа жеткізуде театрдың алар орны ерекше. Қазіргі жастарды тəрбиелейтін-театр.
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Механика - математика факультетінің информатика кафедрасының ЕТжБҚ мамандығының 1-курсының 1-топ студентімін. Біз театрға жиі баруды əдетке айналдырдық. Соңғы барған Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жас өспірімдер театрындағы "Ромео и Джульиетта" болды.
Қазіргі заман тіліне, жастардың сұранысына лайықталып жасалған бұл қойылым біздің көңілімізден шықты. Актерлардың кəсіби шеберлігі, киімдері, гимдері үлкен дайындықты, еңбекті, сахна реквизиттері барлығы кəсібилікті көрсетіп тұрды.
"Ромео и Джульиетта" қойылымында бас кейіпкер Джульиетта рөлін Салтанат Бақаева асқан шеберлікпен сомдады. Театрға жан беретін — әйел әртіс. Көрікті, күшті дауысты, жақсы ойнаушы әйелі жоқ театр — жарымжан. Көпті қанағаттандыра алмайды.
Түрлі қойылымдар мен түрлі актерлар болады. Бірі қарапайым сөзбен жүрегіңді елжіретіп, көзіңнен бір тамшы жастың төгілуіне себепші болса, бірі жүзіңе күлкі ұялатады. Театр мен үшін жанның рахаты, əр нəрседен ой түйетін орда. Болашақта театрға бұнданда жиі баруды əдетке айналдырамыз.
Назира Ертаева
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Механика-математика факультетінің 1-курс студенті
Сымбат Кабдырахова
Куратор-эдвайзер