Театр деген сұлулық қой кәдімгі...

Театр деген сұлулық қой кәдімгі...

"Театр- мәдениеттің қайнаған ортасы.Оған классикалық киініп баруын керек.Оның өз этикеттері болады.Рухани байып кетесін" деген сынды сөздерді аз естімейміз.Шынтуайтынына келгенде осыншама қатаң ережелерден тұратын театрдың қандай артықшылығы бар екен? Заман ағымына ілескен қарапайым адамның осындай сұрағы болары даусыз.Ендеше осы сұрақтың жəй- жапсарына шолу жасап көрейін. 

✅Өнер.Актердің түрлі кейіпке енуіне байланысты өнерді бағалап, құштарлығыңыз оянады. 
✅Тәрбие.Ұмыт қалған тəрбиеңізді еске түсіруші орта."Театр- киім ілгіштен басталады" демекші киім ілетін қыздарға дейін тәрбиенің иісі аңқып- ақ тұрады.
✅Қазақилық."Бар қазақилықтың қазанын қайнатып, сорпасын сапыратын театр" десем артық емес- ау, сірə?! Айтпасақта түсінікті. 
✅Ой. Əрбір қойылым адамзат біткенді шырмалып жүрген шатысынан суырып алатын құнды дүние.Ойға батырып, мəселеңнің басын ашуға, өзіңді тануға жәрдемдеседі.
✅Махаббат.Қазақилыққа айызы қанбай, тəрбиелі адамдарды сағынып, өнерді аңсап жүрген адамзаттың ең асылын кездестіріп қалуын əбден мүмкін. Ендеше сəттілік


Бөлісу: