ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҚАТЕЛІК

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҚАТЕЛІК
жеке
блог

        Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті филология факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Республикалық дөңгелек үстел қашықтықтан өтті.

         Қазіргі уақытта алаңдатар мәселелердің бірі – қоғамдағы түрлі-түсті, көздің жауын алар жарнама тілі. Жарнамадағы тілдік қателіктер жайы қарапайым халықтың да талқысында екені жасырын емес.

         Осы орайда әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы, «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының онжылға жуық атқарып, талықа түсіп жатқан жұмыстарының бірі екенін айта кету керек.

        «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында  Республикалық деңгейде өткен «Сауатсыз жарнама, жүйесіз сөйлем: қателіктері мен шешу жолдары» атты дөңгелек үстел осы қоғамдағы тіл тазалы мен қателігін талқыға сала отырып, шешу жолдарын қарастыруға тырысты.