Таза қала, таза болашақ!

Таза қала, таза болашақ!
жеке
блог

Бүгін, ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технологияларды пайдалану факультетiнің алаңында жаңа велотұрақ ашылды. "Таза қала, таза жол" ұранымен өткізiлген бұл шараға ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Ерболовна, Алматы қаласы жастар саясатының бастығы Санжар Бокаев қатысты. Әр шара демеушіліксiз өтпейтiнi белгілі. Соған орай, дүние жүзінде улкен концерн болып есептелетін "SAMSUNG" электронды компаниясы осы велотұрақ ашылуының демеушiсi болды. Елiмiздiң экологиясының жақсаруына үлкен әсер ететін бұл проекттi ҚазҰУ бiрiншi болып қолға алып, қалашық iшiнде 14 велотұрақ ашты. ҚазҰУ таза қала үшiн!