«ТАЙСОЙҒАН» ЗАРДАПТАРЫ

 «Тайсойған» сынақ алаңы-бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің сынақ аймағы. Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында құрылған полигонның жалпы аумағы  750 мыңға жуық гектар. 1949 жылдан бері әскери полигонға тиесілі болған алаңда 1966-1977 жылдары жиырмадан астам ядролық сынақтар өткізілді.Еліміз өз тәуелсіздігін тұғыр еткеннен кейін Ресей Федерациясының қазақ жеріне көз тастауы әскери сынақ полигонымызды жалға алудан басталды. Тайсойғанның ресейлік әскери бөлім тарапынан пайдаланылмай жатқан біраз бөлігін қайтарып алу керек деп шешкен болатын. Оның да өзіндік себептері бар. Біріншіден,полигон аумағында Қызылқоға ауданының көптеген елді мекендері орналасқан. Екіншіден,осы себепке байланысты көптеген отбасы тұрғын үйінің меншік құқын білдіретін құжаттарын ала алмауда. Үшіншіден,полигонның тереңінде телегей мұнай қоры анықталған.

Бірінші кезекте полигоннан келген зардаптар мен оны тартқан тұрғындар туралы айтқан жөн шығар. Полигонды стратегиялық мақсаттағы ракета әскері мен әуе соғысы күштеріне пайдаланған. Полигон аумағында 2000 тоннадан астам соғыс техникаларының қалдықтары шашылған. Рас,кейіннен бұл қалдықтар жиналған және бұл тек қана белгілі жайттар ғана. Ал аса құпиялы жұмбақ күйінде қалған деректер қанша екен? Ядролық жарылыс салдарынан ауаға қандай металдар,улы инертті газдар,басқа да радияциялық заттар бөлінгені жарияланбаған. Бүгінге дейін аудан тұрғындары полигон зардабынан айырыла қойған жоқ. Бұлай деуге деректер тайға таңба басқандай анық байқалып тұр. Тайсойған полигоны оқшау жатқан аумақ емес. Кезінде оның аумағында ауданның бірнеше жерінен келген малшылар мен механизаторлар бригадалары келіп қыстық пішен шапты. Мысалы, Жангелдин, Жамбыл, Мұқыр ауылдық округтерінен бірнеше адам айықпас дертке шалдығып,көз жұмды. Полигонның әсерінен ақыл-есі жетіспеген,бала күнінен мүгедек болған жандардың саны жыл сайын артып,  қатерлі ісік,туберкулез,қантамыр-жүрек аурулары,психикалық аурулар саны жоғарылады. Осыдан бірнеше  жылдар бұрын Нұржан Өркешбаевтың қария кейпіне енген бейнесі әлі күнге дейін ұмытыла қойған жоқ. Бұрын көп кездесе бермейтін тосын індет төрт түлікте де байқалды. Бес аяқты бұзау мен қатар бір көзі маңдайында біткен сиыр төлінде,тамыры жарылып,қанның орнына су аққан жылқыны да,екі басты қозыларды да полигон аумағыннан байқауға болады. Осылардың барлығына себепші-жұмбақ күйінде қалып отырған Тайсойғанның зардаптары деген тұжырымымыз бар.

                                                                                                                

Бақтыгүл ЕРКІН

Х.Досмұхамедов атындағы АТМУ,журналистика кафедрасының 2 курс студенті



Бөлісу: