Тайм менеджмент & Уәждеме

Тайм менеджмент & Уәждеме
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар!

Бұл менің бірінші блогым болмақ. Сондықтан мен өзімнің басымнан өткен және де өзім жақсы білетінім туралы жазуды жөн көрдім. Бұл тақырып уақытты дұрыс пайдалану және де уәждеме(мотивация) болмақ. Өзім 3 курс студенті болғаннан кейін бұл мәселеге жиі тап боламын. Ендеше мен өзім қай тәсілдерді қолданғаным жайында айта кетейін.

Кез келген жұмыстың ен қиын бөлігі, менің ойымша, ол басы. Жұмысты бастау қиын, ал бастағаннан кейін тоқтау да қиын болатын сәттер аз емес. Үйге үй жұмысы көп берілсе, ертен емтихан, басқа бір күні жазбаша жұмысыңызды тапсыруыңыз керек ал сізде ешқандай да бір ынтаңыз жоқ кездері орындығыңызға отырып, өз-өзіңізге тыныштал деп, бір тапсырманы алдыңызға алып, өзіңізді қинап болсын бастау керек. Бастап алсаңыз болды, ары қарай жалғастыру қиын болмас.

Уақытты тиімді пайдалану дегенді көбісі түсіне бермейді. Әркімнің бұған деген өз пікірі бар. Менікі болса келесідей болмақ. Берілген уақыт өзгермейді. Не істесеңіз де ол көбеймейді де азаймайды. Ал істелінуі керек жұмыстар әр түрлі мөлшерде уақытты алады және әр қайсысы әртүрлі уақытқа дейін бітуі қажет. Ендеше сол уақыттарды санап шығып, жұмыстарды маңыздылығы мен асығыстылығын ескере отырып рет ретімен қойып шығу керек. Бұдан кейін адам өзінде қанша бос уақыт қалатының түсінуі керек.

Менің жазғандарым айқын нәрсе деп ойлауыңыз мүмкін. Рас та шығар. Бірақ жанадан студент атанғандар, мектеп оқушылары немесе жай ғана білмегендер өздеріне керегін түйіп алар деген үміттемін.