Тәй-тәй басқан бүлдіршіндеймін!
блог
Шынымды айтсам, «Массагет» сайтын бүгін ғана таптым. Осындай сайттың барына таң қалдым. Осындай қазақи тәрбие алған қазақ жастары әлі де бар екен ғой деп қуандым. Кейде қолыма қалам алып, ойымды жазғым келеді. Бірақ қайда және не туралы жазатынымды білмейтінмін. Мүмкін қанымда жазушылық, журналистика болғандықтан болар. Жауабын әзірше білмеймін. Бәріміз өмірге өзімізден кейін із қалдыру үшін келеміз. Көбісі өз орнын тапса, енді біреулері таба алмай, сандалып өмір кешеді. Сондай бейбақтың бірі мен шығармын. Өйткені не үшін өмірге келгенімді білмеймін, яғни өз орнымды әлі таба алмай келемін. Жазушылықты үйренгім келеді. Ақырындап жазып үйренуге бел будым. Білемін, жазу оңай емес, көп кітап оқу керек, жан-жақты болуың керек. Сонда да жазып көрелік. Аллаға шүкір қайда жазатынымды білемін. Рақмет сіздерге.